Урбанизация туралы түсінік

2. Қала урбанизациялық жүйе ретінде

3. Қала мен селоның өзара байланысы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Урбанизация-қала тұрғынының өсіп кетуі өмірінің кең таралуы және

қала мәдениетінің дамып өсуі бұл тарихи процесс деп қарастырады. Біздің

эрамызға дейін бірінші қалалар болған. Сонымен қатар Вавилон,

Ниневия, Патна, Сиань, Мемфис қалаларында тұрғандар саны 100 мыңдаған адам

болған, жәнеде жақсы дамыған қалалар актикалық және эленизм дәуірінде Рим,

Афина, Карфаген, Александрия пайда болды. Еуропада қала өмірі құлағаннан

кейін орта ғасырда қайта жаңғырды.Қайта өрледәуірінде Еуропада, Париж,

Неаполь, Лондон, Венеция, Антверлен, Милан, Брюге ал Шығыста Пекин, Кить

секілді қалалар пайда болды. Кейінгі дәуірде Капиталистік даму барысында

Еуропада және Солтүстік Америкада қалалар көбейді.

Урбанизация термині ХIХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. ХIХ

Ғасырда әлемдік урбанизация төмен дәрежеде болды, кейінірек урбанизация

тез жылдамдықпен өсіп кетті.

Кестені сарап жасасақ әлемдік урбанизация дамуының 3 кезеңі

көрсетуге болады. Бірінші этап ХIХ ғасырды қамтыды.Аймағы Еуропа және

Солтүстік Америка. Екінші этап ХIХ ғасырдың бірінші жартысына тура келді

өзгешелігі жоғары жылдамдықпен қала халқының өсуі және урбанизация бүкіл

әлемді қамтуы.Үшінші кезең ХХ ғасырдың екінші жартысына тура келді.

Өзгешелігі қала халқының өсуі ғана емес сонымен қатар жаңа сапа

көрсеткіштерінің пайда болуы агломерация мегаполистер пайда болуы.Осы

кезеңнен кейін урбанизация жаhандық процеске айналды. Бүкіл жер шарын

қамтиды. Осы үшінші этап Қала жарлысы деген атты алды. Сонымен қатар

бұл уақыт демографиялық жарылыспен тура келеді.

Урбанизация туралы түсінік

Урбанизация (лат. urbs — қала, urbanus — қалалық) – еңбек бөлінісінің

қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің

әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын

әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты

қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы «қалалық» деген

ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала

тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.

10 стр., 4530 слов

Процесс урбанизации и его особенности

... А.С. Ахиезер говорит о "пульсации" как о важнейшей черте механизма урбанизации. Урбанизация воспроизводит различия между центром и периферией и затем "снимает" эти ... обусловлена неспособностью городов обеспечить прибывающее население необходимой социальной инфраструктурой). Ложная урбанизация, Агломерация, Конурбация, Мегалополис, Урбанизированный регион Основанием для выделения подобных систем ...

«Урбанизация» ұғымын «урбанизациялану» ұғымынан ажыратып қарау керек.

Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі — процесс барысында қол жеткен

көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші — елдегі қалалық

тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны («урбанизация қарқыны»)

Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді: қала халқының табиғи

өсімі; ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының

пайда болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.

Қазақстандағы осы үрдіс халықтың қайта қоныстануына ұласуда.

Ауылдан Астанаға

Қазақстан жерінде Кеңес Одағының тұсында-ақ белсенді сипатқа ие болған

осы құбылыс еліміздің тәуелсіздікке ие болуының нәтижесінде жаңа бір

қырынан көрініс беріп, қазақ халқының көш-керуенін қалаларға қарай

бағыттады. Ауылдан қоныс аударған әрбір төрт отбасының үшеуі қаланы

таңдады. Осының нәтижесінде қалада тұратын қазақтардың үлес салмағы айта

қаларлықтай өсті.

  • Егемендік алған күннен бастап, еліміздің Өкіметі мен Үкіметі – егіншілік

пен мал өнімдерін өндіруді жыл сайын интенсивті жолмен ұлғайтып, оны

ұқсатудың әлемдік ең жоғарғы технологияларын Қазақ елінің әр ауданының

орталығында енгізіп, қалың қазақты жұмыспен қамтып, жыл сайын арта түсетін

егіншілік пен мал өнімдерін терең ұқсатылған соң ғана экспортқа шығарып,

барлық аудан орталықтарын жоғары деңгейдегі инфраструктурасы бар кіші-

қалаларға айналдырып, ұлан-байтақ жерді игеру үшін мемлекеттің бар

мүмкіндіктерін ұлттық мүддеге дұрыс пайдаланудың орнына, қазақтың жері мен

байлығына қызыққан әлемдік басым күштердің тәрбиесі мен ақылының

нәтижесінде ұлттық-ойлау қабілетінен айырылған, бірақ білімді әрі пысық

кейбір экономист-саясаткерлердің жетегінде кетіп — ауыл шаруашылығын

приватизация, оптимизация, легализация сияқты Голощекиннің (1930-шы

жылдары бейбіт заманда қазақтың малын жойып, халқымыздың өмір сүру дәстүрін

күшпен өзгерту арқылы ұлтымыздың жартысын қырып жіберген) мыйы жетпейтін

науқандарды іске асыру арқылы, еліміздің ЖЕР мен СУ ресурстарын игеріп

жүрген еңбекке жарамды бүкіл қазақты бес-алты қалаға жиып алып, олардың екі-

үш ұрпақ болып өмір бойы тапқан – таянғанын, байырғы қала тұрғындарының

қолына ұстатқызып (олардың мемлекеттен мүліктерімен қоса тегін алған

автобазалары, сауда және өндіріс орындарынан тыс, бас-басына мемлекеттен

тегін алған қос-қос пәтерлері мен көптеген сая – бақтары құйтырқы саясаттың

арқасында қып-қызыл ақшаға айналды), оларды бір байытып тастады.

Қала урбанизациялық жүйе ретінде

Қала мен село — әлеуметтік-территориялық негізгі бірлік.

Жоғарыда көрсетілгендей, негізгі әлеуметтік-территориялық бірліектерге

қала, ауыл-село, аймақ және оларда орналасқан халықтар жатады. Екінші

жағынан қаланың, ауыл-селоның тұрғындары ауданның, облыстың аймақтық-

әкімшіліктерін құрайды. Сөйтіп олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық даму

ерекшеліктерін қалыптастырады.

Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып (концентрация)

орналастыру түрі, қаладағы адамдар ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен

4 стр., 1727 слов

Леуметтік педагогика

... әлеуметтік-педагогикалық мәселелер мен олардың шешімін Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде негізгі түсініктері бар. Олар: Әлеуметтік тәрбие – бұл «адам – адам» қатынастары Әлеуметтік тәрбие проблемаларын әлеуметтік педагогика п ...

айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен тыс іс-

қызметтерімен айналысады. Қала адамдарды әлеуметтік және мамандық жағынан

әр түрлі болады және өздерінің ерекше қалалық өмір салты болады. Қаланың

көптеген түрлері болады, олардың негізінде әкімшілдік атқару қызметі жатыр.

Ал, бұл әкімшілдік атқару қызметі сауда және өндіріспен, мәдениетпен,

ғылыммен және демалыс, дінмен тығызбайланысты.

Қалалардың даму, өсу процесін қала өмір салтының жетілуін урбанизация

деп атайды.

Кейінгі деректерге қарағанда КСРО тұсында қалалар қарқынды өскен.

Мысалы, Ресейде қалалар 80%, Украина мен Беларуссияда – 70%, ал,

Қазақстанда – 60% өскен.

КСРО тұсында қалалардың күрт қаулап өсуінің себептері бар. Басты

себебі, орсы тілді халықтардың миграциясына, яғни көшіп-қонуына байланысты.

Ал, мұның өзі жаңадан іске қосылған өндіріс ошақтарының және құрылыс

мекемелерінің жұмыстарын жандандырды.

Қалаларды жан-жақты зерттеу ХХ ғасырдың 60- жылдары ғана басталды.

Мұның өзі қалалардың тез дамуымен байлансты болды. Осы уақытта объективтік

қажеттілкпен қалаларды әлеуметтік тұрғыдан зерттейтін арнаулы теория пайда

болды. Ол қала әлеуметтануы деп аталды. Қала әлеуметтануы қалалардың шығу,

пайда болу заңдылықтарын, белгілі бір жүйе ретінде олардың атқаратын

қызметін, қоғам дамуында алатын орнын, дамуын, әлеуметтің – кеңестіктегі

қоғамның ұйымы, адам бірлігін тарихи тұрақты бірлігі ретінде зерттейтін

болды. Қала әлеуметтануы қалаларда әлеуметтік-территоиялық бірлік болып

қалыптасуында әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби құрылымына,

әсіресе, ондағы әлеуметтік институттардың (ұйым, мекемелердің) қызметінің

ерекшелігіне, қалалық өмір салты, қала мәдениетіне, қаладағы адамдардың бір-

бірімен қарым-қатынас жасау салаларына аса үлкен назар аударады. Қала

әлеуметтануы бұлар мен ғана шектеліп қалмайды. Оның қамтылмаған басқа да

мәселелері бар, олар: қала әлеуметтану теориясын жетілдіріп зерттеу,

урбанизацияның әлеуметтік заңдылықтарын ашу, әлеуметтік инфрақұрылымының

даму жүйесінің көрсеткіштерін талдау, т.б.

Ауыл-село – бұл қаламен салыстырғанда адамдардың әлеуметтік тұрғыдан

бытыраңқы орналасқан бірлігінің формасы. Мұнда адам тек қана ауыл

шаруашылығына тән еңбегімен айналысады. Қала мен салыстырғанда ауыл-селода

жұмыс түрлері, іс-қызметтер бірыңғай болады. Әлеуметтік және кәсіпкерлік іс

пен еіьек біржақты болады, ауыл-селоның өзіне тән тұрмыс-салты

(психологиясы) бар. Қала тұрғындары мен салыстырғанда тұрмыс жағдайы, әл-

ауқаты біршама төмен, әсіресе, қазіргі кезінде тіпті төмендеп кетті.

Осылардың салдарынан ауыл-село тұрғыдары азаюда. Бұлардың көбі күнкөріс

қамымен қалаларға барып қоныстануда.

Ауыл-село, адамдарының әлеуметтік-территориялық бірлігін, оның шығу,

пайда болуын, атқаратын қызметін, басқа бірліктерімен байланысын,

қатынасын, дамуын зерттейтін жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясын ауыл-

село —