Реферат философия аза ша

Ортағасырлық философия

Ортағасырлар Еуропа тарихында V ғасырдағы Рим империясының құлауынан XIV-XV ғасырлардағы қайта жаңғыру дәуіріне дейінгі ұзақ кезеңді қамтиды.

Ортағасырлық философияның пайда болуын көбінесе Батыс Рим империясының (б.з.д.47 жыл) құлауымен байланыстырады, бірақ мұндай мерзімдеу нақты емес. Бір ойдан екінші ойға көшу лезде пайда болмайды: Римді жаулап алу ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды да (себебі грек философиясы антикалық құлиеленушілік дәуіріне, ал ортағасырлық философия феодалдық дәуірге жатады), адамдардың ішкі дүниетанымын да, діни нанымдарын да біржолата өзгерте алмады. Қоғамның жаңа типінің қалыптасуы өте ұзаққа созылды. Б.з. I-IV ғғ. стоиктердің, эпикурліктердің, неоплатондықтардың философиялық ойлары өзара бәсекеге түседі, соның нәтижесінде ортағасырлық философияның негізін құрайтын жаңа сенімдер мен ойлар қалыптасады. Бұл мезгілде қалыптасқан философияның екі негізгі бастауы болған. Бірінші – платондық және аристотельдік дәуірден нәр алған ежелгі грек философиясы. Екінші бастауы – бұл философияны христиандық бағытқа бұрушы қасиетті жазба.

Ортағасырлық философияның түп тамыры бірқұдайлық діннен (монотеизм) бастау алады. Мұндай діндерге иудаизм, христиандық, мұсылмандық жатады, және ортағасырлардағы еуропалық философия мен араб философиясының дамуы осы діндермен байланысты.

Ортағасырлық философия христиандықпен ажыраусыз байланыста болған, сондықтан мұнда жалпы философиялық және христиандық идеялар байланыс тапқан. Ортағасырлық философияның негізгі идеясы – теоцентризм.

Теоцентризм: Орта ғасырларда теоцентризм ұстанымына сәйкес Құдай бүкіл әлемнің орталығында болды. Құдай бүкіл болмыстың, берекенің бастамасы болып табылады, өмірдегі ең негізгі мақсат – ол құдайға құлшылық деп көрсетеді. Орта ғасырларда Құдай мен дін философияның басты объектілері ретінде саналды.

Монотеизм: Ортағасырлық философия антикалық көпқұдайлылық – политеизмге қарағанда бір Құдайды ғана мойындады.

Құдай адам идеясы: Орта ғасырларда адам енді ғана өзінің ерекшелігін сезіне бастаған еді. Адамның ерекшелігі жайлы идея тек Қайта жаңғыру дәуірінде (антропоцентризм) ғана өзін толық көрсете білді, бірақ оның пайда болуы орта ғасырларға сай келді, және мұндағы басты рольді Евангелие атқарды. Исус Христос құдай, құдайдың ұлы, бірақ ол сонымен қатар, өзінің, әкесіне қарағанда, кәдмгі өмірге жақын адам.

Креационизм идеясы Құдайды табиғаттан жоғары ұстайды. Табиғатқа жақын болған антикалық құдайларға қарағанда христиандық

11 стр., 5185 слов

Философия Платона

... содержится истинное и устойчивое знание, была основанием философии Платона, однако в философии Сократа это представление касалось лишь этических понятий, а Платон же распространил это положение на все понятия ... позволит мне познакомится с личностью и взглядами Платона, что позволит мне сформировать представление о философии Греции. 1. Биография Платона Платон Афинянин прожил 80 лет (427-347 гг.). Он ...

Провиденциализм: Тарих «Құдай Патшалығына жол» ретінде түсіндіріледі, әлем тағдыры алдын-ала анықталған және заман ақырмен аяқталады.

Кесте 1.4.1 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясының негізгі даму кезеңдері

І. ПАТРИСТИКА

Патристика (латын сөзінен «патрис» — «шіркеу әкелері»).

Хритиандық филосоияның негізін қалады.

II.CХОЛАСТИКА

Схоластика – орныққан мектептік-университеттік тәртіп. Мақсаты – діни ілімдер мен шіркеу догматтарын философия тұрғысынан негіздеу.

1.4.2 Ортағасырлық батыс еуропалық философиясындағы реализм және номинализм арасындағы қайшылық

Теоцентризм – Ортағасыр философиясының басты мәселесі.

Онтология – Креационизм – тірі және өлі табиғат пен адамның Құдайдан жаратылуы. Болмыс дуализмі.

Гносеология – Құдайға сүйіспеншілік (Божественное откровение).

Құдайды тану мүмкін емес.

Аксиология – Христиан догматтарының ізін басу: күнәға бату, күнәдән арылу, құтқару. Аскетизм өмірлік норма ретінде.

Реализм

Ансельм Кентерберийский,

Альберт Великий, Фома Аквинский.

а) Универсалиилер (жалпы ұғымдар) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған.

б) Универсалиилер «Заттарға дейін» Құдайдың ақыл-ойында, «Заттардың өз ішінде» олардың мәні немесе формасы ретінде және «Заттардан кейін», яғни абстракциялық ойлаудың нәтижесі ретінде адам санасында өмір сүреді.

в) Таным: Құдайдан Адамға қарай қозғалыс

Түсіну үшін сенім қажет.

г) Сенім ақылдан жоғары.

д) Ф. Аквинский: Сенім мен ақыл үндестігінің принципі.

Сенім Ақыл

Дін Ғылым

Номинализм

Абеляр, Росцелин, У. Оккам,

Д. Скотт.

а) Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар, олар тек қабылдайтын субъектінің санасында пайда болады.

б) Универсалииді субьект жаратады. Олар алғашында адам санасында, кейін оның қызметінде субъективті түрде өмір сүреді.

в) Таным: Адамнан Құдайға қарай қозғалыс.

Сену үшін түсіну қажет.

Тәжірибеден туындайтын білім.

г) У.Оккам: Эмпирикалық тәжірибе мен сенімнің бөлінуі.

«Оккам ұстарасы» — ойлау үнемділігінің принципі және эмпиризм ұраны.

Ақыл Сенім

Ғылым Дін

Араб әлемінің философиясы

Шығыс араб елдерінде өз заманына сай дамыған философия қалыптасты. Араб әлемі өзінің жаратылыстану саласындағы жетістіктерімен әйгілі болған.

Араб философиясының бастапқы негізін материя жайлы ілімді дамытушы Аль-Кинди қалаған. Аль-Кинди идеясын жалғастырушы – ғылымдардың жіктелуін ойлап тапқан XI ғ ірі ойшылы Әл-Фараби.

2 стр., 879 слов

Қазақша Әлеуметтік психология ғылым ретінде

... психологияның «ата-анасының ата-анасы» — социология тек XIX ғасырдың ортасыңда ғана дербес ғылым ретінде қалыптасты. Социология өзінің пайда болуының ең басынан бастап білімнің басқа салаларынан ... Әлеуметтік психология зерттейтін қүбылыстар жиынтыгы белгілі бір жүйені білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық қүрылым ретінде тулга («әлеуметтік жеке адам») және оның әлеуметтік мінез-қүлқының психологиялы ...

Шығыс араб елінің ірі ойшылдарының бірі – Ибн-Сина (Авиценна), «шығыс араб философиясының патшасы», «ғалымдар сұлтаны». Авиценна адамның әлемді тану мүмкіндігіне күмән келтірмеген, оның шығармашылығының көп бөлігін адам жаны туралы ілімдер құраған.

Араб философиясының көрнекті ойшылдарының бірі – ғылыми-рационалды ойлаудың діни көзқарасқа қарсы әсерін болдырмауды жақтаған Әл-Ғазали.

Ибн-Рушди (Аверроэс) керісінше өз заманында жаратылыс тану ғылымына қоскан үлесі орасан зор.

Араб немесе мұсылман әлемінің философиясы – шартты түсінік. Арабтармен қатар ортағасырлық араб мәдениетінің негізін кезінде Араб халифатының құрамына кірген барлық халықтар, парсылар, еврейлер, және түрік тілдес халықтар қалаған. Сондықтан шығыс халықтарының ортағасырлық философиясын араб тілдес деген ұғым қалыптасқан.

Исламның таралуы ескі феодалдық кезеңге дейінгі діндердің әлсіреуіне, монотеизмге – бір құдайға сенушілікке әкелді.

Әлемді құдай жаратты деген мұсылмандық түсінік ортағасырлық заманға сай дүниенің үйлесімдігі жайлы идеяның қалыптасуында маңызды роль атқарады.

Ортағасырлық Батыс Еуропада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу үрдісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында араб ойшылдарының еңбегінің нәтижесінде философия, өнер және ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Араб философиясы грек – және еуропалық философияның кейінгі сатысы – схоластиканы байланыстырушы көпірге айналды. Сондықтан араб философиясы айналысқан мәселелер Батыс Еуропа философиясының тарихына елеулі түрде әсерін тигізді.

Кесте 1.4.5 Ерте араб философиясының негізгі бағыттары (VII-IXғғ)

Мутакаллимдер мектебі Мутазелиттер мектебі

(араб. ерекшеленгендер) Суфизм

Радикалды исламның жақтаушылары діни догмаларды философия тұрғысынан негіздеді.

Аль-Ашари (ашариттер).

Ашариттердің ілімі бойынша

табиғат құдайдың ғажайып

туындысы.

Табиғат – байланыссыз және

Құдайдан жаратылған

атомдар мен олардың

қасиеттерінің жиынтығы.

Әлемде себеп-салдарлық

қатынас болмайды, өйткені

Жаратушы кез-келген денеге кез-келген пішін және кез-келген қозғалыс бере алады. Барлығы да құдайдың қалауында.

Ақыл ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды. Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, құранның пайда болуы және т.б. мәселелерді кеңінен талқылыады.

Құдай мен адамның өзара қатынасын түсіндіруде ежелгі грек логикасы мен философиясының пайымдау әдістерін қолданған. Теология бастамасы (калам), мұсылмандық құқық пен қатар ғылымның дербес саласы ретінде (фикх).

Әлем мен адамның жаратылысы жайлы, әлемнің алдын-ала анықталуы жайлы, құдайды антроморфтық тұрғыда елестету жайлы исламның дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқаттығын жоққа шығарды.

5 стр., 2313 слов

Педагогика. D адам трбиесі туралы ылым

... Педагогикалық психология, таным теориясы. B) Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану. C) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика. D) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы , үлкендер педагогикасы. E) Логопедия, ... 9 «Тілдер туралы ҚР-ның» Заңы қабылданды: A) 1991 жылы B) 2005жылы C) 1994 жылы D) 1998 жылы E) 1997 жылы № 10 Ғылым ретінде педагогиканың ...

Рационализм, материализм.

Адамның әлемді тануға қабілеті /Хасан аль-Басри, Васил-ибн Ата/. Адам еркінің бостандығы мен моральдік жауапкершілігі.

Еркін ойлау идеясы. Білім мен әрекеттің бүтіндігі жайлы ілім.

Әлем атомдардан тұрады, олардың әрбіреуін Құдай басқарады. Гностицизм мен неоплатонизм идеяларын қолдана отырып адамды әлемдік қызығушылықтардан безуден мистикалық интуициядағы құдайдың қабылдауына және онымен ақтық бірігуге әкелетін жолдар туралы ілімді дамытады.

Әл-Ғазали (1059-1111)

Ибн-әл Араби (1165-1240)

Суфизмнің ерекшеліктері

1. Кедейшілікті уағыздау

2. Қоршаған орта елесі

3. Тақуалық

4. Экстатикалық рәсімдер

5. Үнсіз мінажат (дұға)

6. Бір аллаға ғана сену

Суфизм – исламның жанды тәжірибесі.

Сызба 1.4.6 Әл-Фараби ғылымының классификациясы

Ғылым классификациясы туралы сөз

Сызба 1.4.7 Әл-Фарабидің онтологиялық жүйесі

Негізгі принциптері

І саты Бірінші. Мән. Біртұтас.

Ол – мәңгілік, ол өзінің өмір сүруі үшін ештеңені: себепті, бітімді, мақсатты, ұмтылысты т.с.с. кажет етпейді, өйткені оларды ол қажет етсе, онда ол бірінші себеп болмас еді. «Алғашқы Мәнге» оның мән-мағынасын көрсететін басқа ұғымдарды қолданады: «Ол барлығынан биік, барлығын білетін, Дана, Ақикат, Тірі, Өмір», — дейді. Бірінші Мән материялдық болмыс емес, формасы, анықтамасы жоқ. Сондықтан ойшыл оған «белсенді ақыл-ой» (активті интеллект) деген ат қояды.

«Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені ол өз-өзіне сыймай, тасып ағады (эманацияланды — ақылдың тасуы).

Ал Болмыстың Дүниеге келуі — оны тудырған Бірінші Мәннің жойылуы деп түсіну қате», — дейді ұлы ойшыл.

ІІ саты Екінші мән

Әлемдік ақыл, өзінің материясы және оған тиесілі формасы, Жаны бар Аспандық сфера (жоғарғы)

ІІІ саты Үшінші мән — «Бірінші Аспанның» болмыс сферасы.

IV саты Төртінші мән – «Қозғалмайтын жұлдыздар» сферасы.

Ғаламшарлар: Сатурн – Юпитер – Марс – Күн – Шолпан – Меркурий – Ай.

Жан – сфера қозғалысының негізгі көзі, өзіне және алғашқы себепке жете алады.

Іскерлік ақыл (космостық ақыл)– Логос жер шарының ішкі заңдылығы. «Ай астындағы Болмыс», яғни біз өмір сүріп жаткан Дүние. Сонымен ол бірінші «Бірінші Мәннің» тудырған Болмысы болып шықты.

Сызба 1.4.8 Әл-Фарабидің таным теориясы

/Жан туралы ілім/

Жанның қалпы

1. Ақылдылық адамның іскерлік тәжірибесі арқылы жетіледі.

2. Интеллект – тәжірибе ретінде құнды.

3. Адам білімінің мақсатының шегі – іскер ақылмен бірігу.

5 стр., 2251 слов

Тұлға туралы ұғым

... леуметтік психологияға 40-50жылдары А.Бандурдың еңбектерінде бірінші рет енгізілді. «Әлеуметтендіру», «жеке тұл ... туралы түсінік. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға - єлеуметтік индивид. ... тың сыртқы (жағдайаттық пен орта) және ішкі (өзіндік жекелік) детерминациялары. К.Левин ... атынас. Тұлғаның өмірлік мақсаты – жоспары, бағдарламалары және стратегиялары. ...

Бақылау сұрақтары

1. Ортағасырлық философияның ерекшеліктері мен кезеңдері.

2. Августин Аврелии ілімі бойынша адам мәселелері және тарихтың мәні.

3. Ф. Аквинскидің схоластикасындағы сенім мен ақыл мәселелері

4. У. Оккам номинализмі және эмпиризм дамуындағы оның рөлі.

5. Ортағасырлық схоластика ерекшелігі. Жан мен тән мәселесі.

6. Ортағасырлық араб – мұсылман философиясының әлеуметті мәдениеттік алғышарттары.

7. Шығыс Араб философия негізі – діни ағымды.

8. Әль – Фарабидің жан туралы ілімі.

9. Ибн – Рушдтың ақиқаттың екі жақтылығы туралы ілімі.

10. Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ортағасырлық араб тіліндегі философияның мәні.