Жер бетінде екі адамның қолындағы сызықтары бір-бірніе ұқсауы мүмкін емес,ағаштағы екі бірдей бір –бірінен аумайтын жапырақ болмайды.Дәл сол сияқты өмірде екі бірдей түлға болуы мүмкін емес.Әр адам қайталанбас түлға.
Темперамент-жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешіліктерінің бірі.Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да(мәселен,біреулер шапшаң қозғалады,тез қимылдайды,енді біреулер жай қимылдап,асықпай істейді),психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен,біреу өжет,алғыр болса,екінші біреу керсінше ,сылбыр,жігерсіз болады),адамның көңіл күйнінің ерекшіліктерінен де(біреу сабырлы,екінші біреу күйгелек т.б)жақсы байқалып тұрады.
Темперамент жөнінде ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері Гиппократ .Оның тұжырымы бойынша,адамдар төрт “дене шырындарының”қан ,шырыш,өт ,запыран –өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып ,Ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді.Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды.Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:Сангвиник,флегматик,холерик,меланхолик .Мәселен ,организмде қанның пропорциясы артық болса,ол сангвиникалық ,ал шырын басым болса флегматик,организмде қара өт басым болса меланхолик.Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді,оны бездердің бірі деп санады.
Рим дәрігері Гален темперамент санын он үшке жеткізді .Гален организмде жылылық неғүрлым басым болса ,адамның темпераменті күшті болатынын ,денесі салқын болса темпераменті баяулайтыны туралы айтты.Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор.Өйткені адамның тәнін зерттеу,тәжірибеге көңіл аудара бастау-сол кезде кең жайылған ,жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты.Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешіліктеріне,атап айтқанда ,қан жолы жұйесінің құрлысына ,зат алмасуға ,ішкі секреция бездеріне т.б байланысты деген пікірлер де тарады.Неміс философы И.Кант (1724-1804) өзінің<Антропология>деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді.Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде де (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды. Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П.Павлов болды. Гиппократ темперамент адамның анатомиялық – физиологиялық және психологиялық даралық ерекшеліктері деп түсінді.
Соотношение темперамента и характера
... характера и темперамента. Основными задачами, поставленными перед данной работой являются: 1. Изучение таких понятий как темперамент и характер, их классификация. 2. Изучение физиологических основ темперамента и характера. 3.Сравнение темперамента и характера, ... другой знаменитый врач античности Клавдий Гален (ок. 130-ок. 200 гг.) разработал типологию темпераментов, которую он изложил в известном ...
Одан әрі темперамент туралы ілімнің дамуы төмендегі бағыттарда іске асты. Бірте-бірте темпераменттің психологиялық сипаттамасы кеңейе түсті. Рим дәрігері Галеннің Гиппократтан айырмашылығы темперамент түрлерінің физиологиялық қасиеттерімен қатар психологиялық және адамгершілік қасиеттерін сипаттады. Неміс философы И.Кант XVIII ғ. аяғында темпераменттің тек қана психикалық қасиеттерін сипаттады. Жаңа кезеңге дейін темпераменттің сипаты негізінен психологиялық бағытта қалыптасты. Осыған байланысты темпераменттің түрлері туралы ұғым өзгерді. Темпераменттің түрлері физиологиялық емес, психикалық қасиеттердің пропорциясына байланысты сипатталады. Кант темпераментті әртүрлі сезімдердің және іс-әрекеттің әртүрлі деңгейдегі белсенділігінің арақатынасы ретінде қарастырды. Неміс психологі Вундт XIX ғ. аяғында – темпераментті жылдамдықтың және «жан қозғалыстарының» күштерінің арақатынасы деп білді. Ол темпераменті екі түрге бөлді: эмоциясы күшті темпераменттер; әлсіз эмоциялы темпераменттер. Холерик және меланхолик темпераменттерін жатқызды. Өйткені, холериктің эмоциясы күшті болады да және тез әрекет етеді, ал меланхоликтің жан дүниесінің ауысып отыруы өте шабан, баяу болып келеді. Эмоциясы әлсіз темпераменттерге сангвиник және флегматик жатады.
Сангвиниктің қозулары, сезімдері күшті, әрекеттері жылдам болып отырды. Ал флегматиктің эмоциялары күшті, бірақ олардың әрекеті шабан келеді. Әрине, бұл теориялардың қай-қайсысы да біржақты, ғылыми негізсіз қате теориялар болып табылады. XX ғасырда темперамент туралы пікір айтқандардың бірі және ерекше кеңінен таралған Э.Кречмердің (1888- 1964) ұсынған типологиясы. Ол 1921 ж. өзінің «Тән құрылысы және мінез» атты белгілі еңбегінде темперамент адамның тән құрылысының белгілі психикалық ерекшеліктерімен байланысты болатындығын дәлелдейді. Э.Кречмердің теориясы Еуропада кеңінен тарады. Психология ғылымының тарихында зерттеушілер темпераменттің әртүрлі типтері қалыптасқандығына тоқталды. Олардың ішінде ерекше қызығушылық туғызған теориялар темпераменттің қасиеттері тұқым қуалау арқылы берілген, туа біткен қасиет ретінде түсіндіріліп, дене бітімінің ерекшеліктеріндегі даралық ерекшеліктерімен байланыстырылады. Бұл теория дене бітімінің теориясы деп аталынды. Ерекше кеңінен тараған теория Э.Кречмердің типологиясы. Бұл теорияның негізгі идеясы адамдардың дене бітімінің немесе құрылымының белгілі түріне қарай белгілі психикалық ерекшеліктері болатындығы.
Темперамент и индивидуальный стиль деятельности
... особые требования к указанным динамическим особенностям деятельности. ТЕМПЕРАМЕНТ И ИНДИВИДУАЛЬНЫЙ СТИЛЬ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ. Определенное сочетание свойств темперамента, проявляющееся в познавательных процессах, действиях и общении человека, определяет его индивидуальный стиль деятельности. Он представляет собой систему зависящих от ...
Сонымен, темперамент — бұл адамның психикалық əрекетiнiң динамикасын айқындайтын дара қасиеттерiнiң жиынтығы. Ал қасиеттер iс-əрекеттiң барша түрiнде мазмұн, мақсат, сеп-түрткiлерге тəуелсiз, бiрдей сипатта көрiнiс бередi, ересек шақта да өзгерiссiз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгiлi темперамент типiне негiз болады. Темперамент типiнiң нақты көрiнiсi сан алуан. Олар тек сырттай əрекет-қылықта ғана емес, сонымен бiрге барлық психикалық құбылыстар да: сезiмде, ниет пен əрекетте, ақыл-ой жұмысында, тiлдесу ерекшелiктерiнде т.б.- байқалады.
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз iс-əрекетiн жүзеге келтiруi тiкелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердiң желiсiнде көрiне отырып, еске түсiру, қабылдағанды бекiту жылдамдығына ықпалын тигiзедi, ой жүйрiктiгi мен зейiн тұрақтылығын жəне оның ауыспалылығын айқындап бередi.