Стресс реферат қазақша

Реферат

І. Стресс. Стресс кезіндегі физиологиялық процестер

1.1. Стресс ұғымына жалпы түсінік

Стресс — кез келген сыртқы талаптарға организмнің жауап реакциясы, бұл

  • ауру тудырушы факторлар әсер еткенде, организмнің тұрақтылыққа жету

қабілеті.

Қалыпты дені сау организмде оны өлімге әкелетін қолайсыз факторлармен

күресуге бағытталған механизм бар. Бұл механизм стресс деп аталады.

Адам организміне әсер ету күшімен байланысты стресс күшті және орташа

болып бөлінеді. Біздің байқағанымыз күшті стресс организмге зиян, ал,

орташа көп жағдайларда пайдалы болады.

Стресс (ағыл. stress) қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық

деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның

ерекше куйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық

физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс — өте жағымсыз

әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің

жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы ж6йке әрекетінің

типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1) үрейлену — жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың

алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған

төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен

бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп

кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы

жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу

қабілеті күшейеді;

3) әлсіреу – бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан

психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.

Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған

тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп,

жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің

жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген,

бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын

үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап

7 стр., 3363 слов

Стресс представляет собой реакцию на значимый раздражитель

... эмоциональные расстройства. Стресс представляет собой реакцию на значимый раздражитель. Стресс – это состояние, в котором находится живой организм при мобилизации адаптивных механизмов в ... примере мы видели яркое проявление кратковременного сильного эмоционального стресса; во втором – длительного стресса. Кратковременный стресс – это бурное расходование поверхностных адаптационных резервов, то ...

әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды

стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты

қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және

жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай

физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық

стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз

хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба

алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық

стресс қауып туқанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі

қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі

қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі

бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті

безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда

глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс

көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және

самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп

болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің

стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады.

1.2. Стрестің даму сатылары және стресс кезінде

адам ағзасындағы физиологиялық процесстер

Стресс бірнеше сатыда өтеді. Бұл сатылар организмнің сыртқы

ортаның ұзақ әсеріне жауабын сипаттайды.

1. ҮРЕЙЛЕНУ сатысы — бұл бүкіл организмді тітіркендіріп,

қарулануға, бүкіл қорғаныс механизмдерінің мобилизациясын шақырады. Бұл

саты 6-48 сағатқа созылады.

2. ТӨЗІМДІЛІК сатысы — бұл сатыда осы тітіркендіргіш әсерге

организмнің тұрақтылығы өседі.

3. Егер тітіркендіргіш әсері жалғасатын болса, онда стрестің үшінші —

КАЛЖЫРАУ сатысына көшеді, ол ауру дамуына әкеледі.

Стресс міндетті түрде осы сатылармен жүрмей, кейде біріншіде немесе

екіншіде үзілуі мүмкін.

Стресс кезінде адам ағзасы су тапшылығына тап болады. Бұл нерв

процесстерінің электрохимиялық реакциялардың негізінде өтуіне байланысты,

ал бұл процестердің өтуіне судың болуы керек. Судың тапшылығы нерв

процестерінің жылдамдығын төмендетеді. Сондықтан, емтихан, сынақ алдында

немесе барысында бірнеше жұтым су ішу керек. Антистресстік мақсатында суды

20 минут тамақ ішер алдында немесе 30 минут тамақтан соң ішеді.

Ең тиімді минералді су болып табылады, себебі бұның құрамында калий

және натрий иондары бар, олар электрохимиялық реакцияларда қатысады.

Сонымен қатар жай су мен жасыл шай ішуге болады. Басқа сусындардың

пайдасынан гөрі зияны көп.

Өте күшті әсерлер организмде өте күшті жауап тудырады, бұл яғни күшті

стресс. Мұндай стрестер адам организмінің қауіпті зақымдануларын шақырады.

Ұзақ созылмалы эмоционалды стресс көптеген сұрақтардың себебі болуы

мүмкін жөне шексіз физикалық күште ауру шақырады, Бұл көріністерді

2 стр., 647 слов

Стресс және оның шығу жолдары

... түсуі, стресс, оның түрлері дистресс, эустресс түрлеріне, негізгі белгілеріне, жауап беру реакцияларына, стрессор, стрестің даму ... бұның алдын алу үшін не істеуге болады? 3 хат: Мен бір құпия жанмын. Менің досым ... хаттардың үлгілері: 1 хат: Балам үнемі жағымсыз бір ойлардың ішінде жүреді, көңіл-күйі ... барысындағы суреттер Стресстік күйді жеңу үшін адам өзінің бойындағы ерік-жігерін шындап, табандылық пен ...

спортсмендер мен жаттықтырушылар «шектен тыс жаттығу» деп атайды.

Шектен тыс стрестер әртүрлі аурулардың себебі болады: асқазан және

ішек жарасы, тоқ ішектің қабынуы, гипертониялық ауру, аритмия, сақина,

бронхиалды астма, безеу, экзема. Инфекциялы аурулар стресс кезінде ауыр

созылмалы ағымға ауысады. Иммунитеттің төмендеуінен ісіктер дамуы мүмкін.

Күшті эмоционалды стресс жиі жүйке жүйесінің ауруларын (психикалық

бұзылыстар, невроздар), жүрек-тамыр жүйесі (гипертония, миокард

инфарктісі), ішкі секреция бездерінің (диабет) және баска көптеген

мүшелердің ауруларын тудырады. Сондықтан да эмоционалды стрестің алдын-алу

шаралары — валеологиядағы маңызды сұрақ.

ІІ. Стресстің түрлері, пайда болуы және одан құтылу жолдары

2.1. Стресстің пайда болуы және одан құтылу жолдары

Түрі бойынша стресс жедел жөне созылмалы болып бөлінеді. Жедел стресте

қорғаныс механизмдері қысқа уақытқа — тек тітіркендіргіш әсер еткенде

қосылады. Созылмалы стресте организмге ұзақ уақыт әсер етеді.

Сонымен қатар физикалық стресс (физикалық, химиялық, биологиялық

факторлар әсері) және эмоционалды стресс (теріс эмоция шақыратын

психологиялық факторлар).

Психикалық және эмоционалды стрестер оның өте күшті түрі жаттығулық

әсер етпейді. Олар адам организміне әрқашан да зиянды.

Адам санасына әдеттегіден қатты ісер еткен кез-келген жағдай стресстің

себепкері бола алады. Сонымен қатар, стресстің жағымды және жағымсыз

жақтары болатынын ескеру қажет . Мысалы, стресске себеп қуанышқа толы

үйлену тойы, баланың өмірге келуі болса, адам өлімі, ауруға шалдығу сияқты

қайғылы жағдайлар да оның себепкері бола алады. Сондықтан, стресстің

себепкері өміріміздегі кез-келген, тіпті біз көңіл бөлмейтін жағдайлар да

болуы мүмкін.

Еегер біз күтпеген жағдайда стресске душар болсақ, бізде өткір стресс

басталады.

Стресстан құтылу жолдары.

Біздің барлығымыз уақыт сайын стресс күйге түсеміз. Кішкентай

сатресстердан қашып құтыла алмаймыз және олар да біздің ағзамызға зянсыз.

Стресс дегеніміз не? Стрес сөзін аударғанда басып-жаншылу, шаршау деген

мағынаны береді.

Стресс – бұл:

  • өмірімізде кездесіп жататын түрлі экстремальды жағдайларға

ағзамыздың эмоционалды тыныштық пен адамның тепе-теңдігін бұзатын жауап

қайтару реакциясы;

  • кейбір қиын және түсініксіз жағдайларда пайда болатын ағзаның

эмоциональді ауырлық жағдайы;

  • Адамды қорқытып, шошытып немесе ашуына тиген кездегі ағзаның

физикалық, психикалық, эмоционалды және химиялық жауап қайтару реакциясы.

Адамға мөлшерден тыс жағдайлар стресс туғызады. Стресс өз кезегінде

адам өмірінің ажырамас бөлшегі. Соған байланысты оның мөлшерімен шегін

анықтап алу керек.

Зерттеулер көрсеткендей, стресстің физиологиялық нышандары язва, бас

ауруы, гипертония, артрит, астма, арқадағы шаншулар және жүректің ауруы.

Психологиялық нышандарға келеиін болсақ, олар, ашушаңдық, тәбеттің

болмауы, депрессия және тұлғаралық қатынастарға көңіл бөлмеу.

5 стр., 2313 слов

Педагогика. D адам трбиесі туралы ылым

... игеру. D) Тәрбие ықпалымен жеке адамның әлеуметтік қасиеттерге ие болуы. E) Ескінің жоғалуы, жаңаның пайда болуы. № ... B) Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану. C) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика. D) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы , ... туралы ҚР-ның» Заңы қабылданды: A) 1991 жылы B) 2005жылы C) 1994 жылы D) 1998 жылы E) 1997 жылы № 10 Ғылым ...

2.2. Көңіл-күй күйзелісінен құтылу

Голландиялық ойшыл Барух Спиноза өзінің Этика атты еңбегінде былай

деп жазады: Қуаныш – бұл адамға күш-қуат дарытып, әре-кетке ұмтылдыратын

сезім. Мұң-қайғы болса, керісінше, күш-жігеріңді азайтып, діңкеңді құртатын

сезім. Оның бұлай деуіне басты себеп, өмірде қиындық-тарды көп көруі,

жастық шағында философиялық көзқарастарына байланысты көп қудалауға түсуі.

Ол осындай қуғын-сүргін кезінде жан күйзелісінен арылу үшін өзін-өзі үнемі

қайрап, өзін-өзі билеуге қол жеткізген. Барух Спинозаның адам көңіл-күйін-

дегі өзгерістердің сыртқы факторларға жауап ретінде пайда болатыны, жан мен

тәннің өзара байланыста екендігі, көңіл-күй күйзелісінен қозғалыс арқылы

құтылуға мүмкін-діктің молдығы туралы тұжырымдамасын бас-шылыққа ала отырып

мамандар мынандай ұсыныстар айтады:

Дененің белсенді қозғалы арқылы. Адам ағзасының қуатын азайтып,

денсаулығын нашарлатып жіберетін күйзелістен шығу үшін денені белсенді

қозғалыс жасауға дағдыландыру қажет. Яғни, таңертең-гілік жүгірумен

айналыс, жеңіл жаттығулар жаса. Ыңғайлы да тұрақты жаттығулар тәнді

шынықтырып, жанды күйзелі-стен шығаруға оң әсер етеді. Мұндай жаттығулардан

кейін жақсы дағдылар пайда болады, ой-өрісің кеңейеді, көңіл-күйің сергиді.

Жүйке күтімі арқылы. Жүйке ауруы көңіл-күйдің басты жауы. Оған

көбінесе, жоғары қызметте жүргендер, кеңседе қағазбен, есеппен көп жұмыс

істейтіндер, өмір бойы қи-ыншылық көріп келе жатқандар ұшырайды. Солардың

ішінде ерлер 35, әйелдер 45, кейде 50 пайызды құрайды. Дүниежүзіндегі

көптеген психологтардың айтуынша, мұндай кезде адамдардың өздеріне

өздерінің көмектесуі қа-жет. Ол үшін мынандай кеңестер айтылады:

1. Рухани демалу. Әсіресе, әйелдер жалғыз отырғанында қағазға үңіле

бермей, бір мезгіл жан-жағына көз тастап, Мен осы кіммін?, — деп өзіне-

өзі сауал қойып, соған жауап іздеуге тиіс. Үнемі өткен өміріне көз тастап,

өзіне-өзі есеп беріп отырған адамның күнделікті тыныс-тіршілігі де, жүйке

жүйесі де бір қалыпқа түседі. Бұл орайда Абай атамыз да айтқан ғой:

Өзіңнен күніне, ең болмаса, аптасына бір рет есеп алып отыр, — деп.

2. Таза ауамен тыныстау. Канадалық дәрігерлердің пайымдауынша,

бірқатар аурудың 60 пайызы үйдегі, кең-седегі бөлме ауасының таза

болмауынан. Бұл жүйкеге де әсер етіп, көңіл-күйді бұзады. Таңертеңгілік

жұмысқа келгенде түрлі ұсақ жән-діктерді жою үшін себілген арнайы заттың,

үсті-басқа себілген иіссудың, бөлмедегі компью-тердің иісінің, ызыңының

адам ағзасына әсері мол. Сол себепті, терезелерді ашып, желдеткішпен

бөлмені тазартып тұру қажет. Бөлмеде түрлі гүлдерді өсірген де жақ-сы.

3. Жайсыз жағдай-ларды жиі еске алмау. Күнделікті тірлікте көптеген

жайсыз оқиғаларға кездесеміз. Оны негізінен, жаны нәзік, сезімтал адамдар

көңіліне алып, ренжіп, ашуланып, ұялып, мазасы кетеді. Ең жақсысы, жайсыз

жағдайлардан кейін оны еске алмауға тырысып, бір сәт өміріңізде болған

5 стр., 2251 слов

Тұлға туралы ұғым

... сипаттайтын жалпылама ұғым. «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана т ... эмоционалды, ерікті, мінездік, интеллектуалды қасиеттері. әлеуметтік мінез-құлық туралы түсінік тұлғаның белсенділігі, оның адамдар ... өменгі деңгейі биологиялық құрылымша немесе элементарлы адами қажеттіктер болады. 3. Психологиялық құрылымшаға жеке психологиялық процестерді ...

қызықты, қуанышты оқиғаларды еске алғаныңыз жөн. Бұл жүйкеңізге жарық

түсірумен бірдей.

4. Шешіміне сеніммен қарау. Көбінесе, әйелдерді шаршатып, қажытатын

жағдай — өз шешіміне деген сенімсіздігі. Кейде қабылдаған шешіміміз

өзімізге ұнап, басқаларға ұнамай, түрлі қиындықтарды да тудыруы мүмкін.

Содан, ондай адамдар келесіде шешім қабылдауда жасқаншақтық, сенімсіздік

танытып, өзін-өзі мүжиді.

5. Орынды күліп, жымию. Алдымен сәл күлімсіреу, соңынан шындап күлу –

жабырқаған көңілді ашады. Тек, мәнсіз ыржақ, қисынсыз жалған күлкі көңіл-

күйді көтере алмайды. Риясыз пәк күлкі – денсаулық дәрісі, ол шаршап –

шалдықанды басады.

Адамның көңіл-күйін бұзатын басқа да жағдайлар:мінездегі ашуланшақтық,

қоршаған ортасындағы айқай-шу. Біз енді соған тоқталсақ.

Ашу туралы

Хадис шәріпте

* Ашу – адам ішінде жанып тұрған от, көрмейсіз бе мойын тамырларының

іскенін, көзінің қызарғанын. Кімде ашу пайда болса жерге отырсын.

* Адамдардың жақсысы ашуға шыдамды, мейірімді адамдар. Адамдардың

жаманы ашуланшақ, терісі тар адамдар.

* Егер ашуы тез, ра-зылығы керісінше болса ондай адамдардың жақсыға

немесе жаманға жататындығы оның осы мінезіне байланысты болады.

* Бір-біріңмен ара-қатынасты үзбеңдер! Бір-біріңнен бет бұрып

кетпеңдер! Бір-біріңмен өштеспеңдер, жаулас-паңдар! Бір-біріңді

көреалмаушылық етпеңдер! Ей, Аллаһтың құлдары, бір-біріңмен бауыр болыңдар!

Бір мұсылм-анның басқа бауырымен араздасуы 3 күннен асуы халал болмайды.

* Бір-бірімен аразда-сқан екі адамның қайсы бірінші болып сәлем берсе,

күнәлары кешіріледі. Сәлем бергенде екінші адам сәлемін алмаса, бұл адамның

сәлемін періштелер алады. Ал сәлемін алмаған адамға шайтан ілтипат

көрсетеді.

Айқай – шудан сақтану

Дәрігер мамандар, экологтар адамды бірте-бірте қажытатын нәрсе –

айқай, шу дейді. Басынан шу кетпесе, адамның есту қабілеті төмендейді,

кейін саңы-рау болып қалады, ұйқысы қашып, жүйкесі жұқарады.

* Санитарлық талап бойынша, тұрғын үйдегі шу түнде 20-30, күндіз 40

децибалдан аспауға тиісті.

* Дүркін-дүркін қайталана беретін екпінді соққының дабылы адамға

тұрақты шудан әлдеқайда залалды.

* Шу мөлшері 117 децибалдан асқан кезде жарым сағаттан соң реактивті

двигательдерді сынайтын сынақшының жүйкесі сыр бере бастайды: ашушандық

пайда болады, қатты шаршайды, кірпіктері тартып, саусақтары қалтырайды.

* 140 децибалдан асқан шу адамның орта және ішкі құлақтарын

зақымдайды.

* Әсіресе жиілігі 4 мың гилогерцтен асатын қазіргі заманғы рок

топтардың музыкасы адамға залалды. Керісінше, баппен ойналатын классикалық

әуен адамның есту қабілетін жаттықтырып, дамытады.

* Өндірістегі шу 80 децибалдан аспауы керек. Одан асқаны залалды.

* Бала, жүкті әйел, сырқат бар үйде музыкалық аспаптарды қат-ты қойып

шу шығаруға болмайды, бапты, бай-ыпты да жағымды дыбыспен баяу тындау

керек.

* Маңайыңызға әлдеқайда меломан не мезгілсіз кезде шу шығаратын

15 стр., 7216 слов

Шартты және шартсыз рефлекстер — Биология — — ...

... алдымен шартсыз, одан кейін индифренттік тітіркендіргіш әсет етсе, шартты рефлекс алынғанмен, ол өте тұрақсыз болады. (Алдымен шартсыз, кейін бөтен тітіркендірумен әсер еткенде ... бөлімінің физиологиялық жұмысы ретінде қарап, оған талдау беруге бірінші қадам жасаған И.М. Сеченов болды. Ол 1863 ж. шыққан «Ми рефлекстері» ...

беймаза көрші тап келсе ше? Оның бір амалы – сол көрші жақ қабырғаға кілем

іліңіз, төменгі қабатта тұрса, еденге кілем төсеңіз. Қазір шуды өткізбейтін

құрылыс материалдары да жеткілікті. Соларды пайдаланыңыз. Қалай да беймаза

көршімен тіл табысуға тырысыңыз.

2.3. Эмоциялық стрестің жалпы даму заңдылықтары

Эмоционалды стрестің алдын алу шаралары

Созылмалы эмоционалды стресте бұлшық етке күш түсіру жақсы

көмектеседі. Эмоционалды стресс жағдайындағы физикалық күш түсіру — бұл

эмоционалды күштің «қауіпті» жағын «кауіпсіз» жаттығушы физикалық күшке

ауыстырады.

Эмоционалды стресс кезінде орташа физикалық стресс те оң әсер етеді.

Эмоционалды стрестің алдын-алудың негізгі мағынасы — оны физикалыққа

ауыстыру.

Адам стресс жағдайыңда болғанда ағаш жаратынын, бокс былғары қолғабын

киетінін, жүгіретінін және басқа ауыр физикалық жұмыстарды істейтінін біз

әдебиеттен, кинодан және өмірден кездестірдіңіз. Бұл эмоционалды стресті

физикалық стреске ауыстырудың бір жолы.

Сонымен бірге суық душ, суық су құю немесе табиғи суларда шомылу

да аз әсер бермейді.

Стреске карсы адамның өзі жағынан болатын психологиялық реакциялық

әрекет – эмоционалды стрестің алдын-алуда бірнеше есе тиімді.

Физиологтардың тәжірибесінде: егеукұйрықтардың бас миындағы «теріс

эмоциялар орталығына» электродтар енгізді. Тітіркендірген кезде

егеуқұйрықгар екі негізгі топқа бөлінеді: бірінші топтағылар белсенді

түрде «шығар жол іздеді», арпалысып, электродтарды жұлуға әрекеттенді; ал

екінші топтағылар бұрышқа тығылып, белсенді қозғалыстан бас тартты. Ары

қарай бақылау нәтижесінде жүрек зақымдалуы екінші топтағы егеуқұйрықтарда

(пассивті) дамығаны, ал бірінші топтың (активті) егеуқұйрықтарының

біреуінде ғана дамығаны анықталды.

О Генридің «Соңғы жапырақ» әңгімесіндегі дәл сол жағымсыз ауа райына

қарсы тұрған күзгі жапырақ — өз тағдырын соңғы жапырақ түскенде өлемін

деп шешкен қыздың жазылуына ықпал жасаған.

Адамдарда творчестволық белсенді қызметі сақталса әртүрлі пайда болған

жағдайлардан шығудың жолын белсенді іздесе де, осы жағдайлар өзгертуге

белсенді ерекет еткеңде ғана — эмоционалды стресс ауру шақырмайды.

Егер эмоционалды стресс жағдайында қолды бір сілтеп, керуетке жатып

алып, ішімдікке салынып, тыныштандырғыш дәрілер ішкеннен — стресс

басылмайды, керісінше оның теріс әсерлері тереңдейді.

Стреске карсы жалпы әмбебап рецепт жоқ. Бұл кезде жағдайды

жеңілдетудің өзі де қауіпті болуы мүмкін. Мысалы: егер қауіпті ауруларда

адам өз ауруын менсінбей жұмысын жалғастыра берсе — онда ауру созылмалыға

ауысады.

Эмоциялық стрестің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық

ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді. Шамалы жан-дүниелік ауыртпалықтар

адамның кейбір жағдайларға адаптациясын (икемделуін, бейімделуін)

туындатса, (мысалы, олардың әсерінен жаңа пәндерді игеруі арқылы

оқушылардың еске сақтау қабілеті артады, әртістер жан-тәнімен өздері

сомдаған кейіпкерлері бейнесін көрермендерге жеткізеді, кәсіпкерлер нарыққа

12 стр., 5719 слов

Психологический стресс

... психологии, медицине этот термин приме-няется для обозначения обширного круга состояний чело-века, возникающих в ответ на разнообразные экстремаль-ные воздействия. Первоначально понятие стресса ... (по предмету) и психологического (по процессу, меха-низмам регуляции) стресса как эмоциональный стресса. Под термином «эмоциональный стресс» мы будем понимать психологический стресс источником ...

бейімделеді, т.с.с), шектен тыс ауыртпалықтар көптеген дерттердің дамуына

себепкер болады. сондықтан да қазіргі уақытта тым ауырлап бара жатқан жан-

дүниелік ауыртпалықтардың ауру туындататын ықпалы адаптациялық

бейімділіктен басым болып отыр.

Адам денсаулығы туралы ерекше зерттеулер жүргізген Өтейбойдақ бабамыз

атпалы ұшық жүрек пен мидың сырқаттарын туындатады деп түсінген. Бірақ,

ол кезде дерттердің аңғарымдық мүмкіншіліктері қазіргіден төмен

болғандықтан, жан-дүниелік ауыртпалықтардан дамитын дерттердің көріністерін

тек соңғы сатыларында, адамның ақыл-есінен айырылғанда ғана байқағанын

зерттеушінің мына сөйлемінен түсінеміз: Серейлік ықпалдар ұшықтық тек

адамзатты сезгір ой, сезімтал көңіл, теңіздей толғамдық естік жалғамның

тоғалылығының бұзылуына ғана көз көргелік бермек. Бұл сөйлемнен біз жан

дүниелік ауыртпалықтарға әр адам әр түрлі жауап қайтаратынын түсінеміз. Ол

ойы олқы, көңілі жарым, көңіл-күйі қатты толқып тұратын адамдарда ақыл-

есінің бұзылуына дейін әкелетін дерттер болуы ықтимал дейді. Бұл туралы

қазіргі ғылым не дейді?

Эмоциялық ауыртпалықтың әсері адам организмінің дене бітімі мен мінез-

құлқының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктеріне қарай адам

организмінің бірнеше конституциялық түрлерін ажыратады. Солардың ішінде

бүгінгі күні адамның орталық жүйке жүйесінде (миында) өтетін физиологиялық

қозу мен тежелу процестерінің күшіне, олардың өзара бірімен-бірі теңгерілу

және ауысу жылдамдығына қарай И.П. Павловтың жіктеуі кең тараған. Осы

жіктеу бойынша жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлері:

1-түрі күшті, ұстамды, жігерлі түрімен көрінетін адамдардың еті тірі,

қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен шеше білетін болады.

Мұндай адамдарды Гиппократтың жіктеуі бойынша сангвиниктер деп атайды.

2 түрі күшті, ұстамды, салмақты түрімен сипатталатын адамдардың мінез-

құлқы сабырлы, тым салмақты, байсалды, мінезі ауыр болады. Бұндай адамдар

ойына келген істі бітірмей, басқа іске кіріспейді. Олардың миында қозу мен

тежелу үрдістерінің орын ауыстыруы баяу болады. бұл адамдарды Гиппократ

флегматиктер деп атаған.

3-түрі күшті, ұстамсыз адамдар көп жағдайда алды-артын байқамайтын,

тіпті шамасын білмей, артық кетіп қалатын, ашушаң, күйгелек болады. бұл түр

Гиппократта хоелриктер делінеді.

4-түрі әлсіз, қиындықтарға төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, енжар,

уайымшыл адамдар. Мұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша

меланхоликтерге жатады. Осыған байланысты эмоциялық ауыртпашылықтарға

жоғарылығы 1 және 2-түрлеріндегі адамдар жеңіл түрде икемделсе, 3 және 4-

түрлеріндегі адамдар оларға дұрыс икемделе алмайтындықтан артынан дене

мүшелерінің көптеген ауруларына ұшырайды.

Ойсоққыға ұшыраған кезде мидың кейбір бөліктерінде белсенділігі

көтерілген нерв жасушаларының тобы пайда болады. ол мида ұдайы қозу ошағын

туындатады. Бұл қозу ошағы бастапқы кезеңдерде шектеліп, сыртынан тежелу

үрдістерімен қоршалады. Артынан қозу үрдісі өз бетінше, ешқандай сырттан

әсер болмай-ақ күшейе түсіп, айналасындағы