Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

Реферат

Социологияның деңгейлері, құрылымы, қызметі мен тәсілдері.

Социологтар қоғамды ғылыми зерттеуді екі деңгейде: микро және макро деңгейде қарастырды. Микросоциологтар адамдардың күнделікті өмірдегі қатысын, олардың өзара әсерін зерттейді. Бұл бағытта жұмыс істейтін зерттеушілер әлеуметтік құбылыстарды тек адамдар берілген құрылыстарға бір-бірімен әсер еткенде беретін талдау жасау негізінде ғана түсінуге болады деп санайды. Әлеуметтік зерттеудің микро деңгейі жеке тұлғалардың мінез құлқы мен қатысының, қоғамдағы тұрақтылыққа немесе өзгерістерге әсер ететін адамдардың мінез құлқы себептерінің ең кіші элементтерін зерттеуге бағытталады.

Макросоциологтар қоғамның ірі үлгілеріне, құрылымына айрықша назар аударады. Бұл – отбасы, білім беру жүйесі, дін және саяси, экономикалық құрылым. Адамдар дүниеге келген кезден бастап әлеуметтік құрылымның аталған жүйесіне дейін енеді, оның әсерін сезінеді. Макросоциология қоғамның әртүрлі бөлігін, олардың өзара байланысы мен бұл байланыстың өзгерістерін зерттейді.

Жоғарыда келтірілген социология құрылымы батыс социология мектебі бағыттарының бірі бойынша қалыптасты. Кеңестік елдерде социология ұзақ уақыт бойы қолданбалы ғылым ретінде дамыды және негізінен қоғам өміріндегі жекеленген салаларды нақтылы зерттеуге бағыталады.

70- жылдары кеңес оқымыстылары арасында социология үш деңгейлі ғылым ретінде қарастырылды: жалпы социологиялық теория, жекеленген социологиялық теория, қолданбалы социология.

Бүгінгі күні социология туралы қоғамды бүтіндей қарастыратын ғылым ретінде түсінік қалыптасты, оны зерттеудің негізі ретінде адам алынды, өйткені ол әлеуметтік тарихи процестердің нәтижесі және алға шарты болып саналады. Сондықтан ғалымдар теорияның дамуына айрықша назар аударады.

Социологияның теориялық деңгейі, отандық ғалымдардың пікірінше, тік және көлденең теориялық жүйелерден тұрады. Көлденең жүйе социализмның әлеуметтік теориясы, даму теориясы, әлеуметтік құрылымның әлеуметтік теориясы және т.б. анықталады. Басқаша айтқанда, бұл – теория туралы теория немесе іргелі социология.

Социологиялық теорияның тік деңгейін айқындай отырып, ғалымдар орта деңгейдегі теория немесе салалық жеке социологиясы туралы айтады. Оған, мысалы, жеке тұлғаның социологиясы, жастар социологиясы, отбасы социологиясы, құқық социологиясы, саяси социология т.б. жатады.

11 стр., 5455 слов

Социология Основные этапы развития социологии

... школы, направления, понятия, теории, методы наиболее важны и, следовательно, должны присутство­вать в истории социологии, а какие нет? ... исследования социальных проблем современного им мира. Эпоху Возрождения по праву можно считать новым этапом в развитии социальной ... провидением. Согласно этому мнению, человек в любой момент по собственной прихоти может изменять поведение, общество, в котором ...

Социологиялық білімнің келесі деңгейі нақты социологиялық зерттеулерге негізделеді, ол нақты деректемелік ақпаратқа сүйенеді және эмпирикалық социологияның маңызды саласын құрайды. Қоғамды эмпирикалық тану процесіне сауалнама және интервью әдісі арқылы фактілер мен материалдар жинау, бақылау және контет – талдау және т.б. енеді.

Социологияның мұндай барлық деңгейлері социологиялық білімнің біртұтас құрылымын түзеді.

Социологияның өзінің категориялық – түсінікті ақпараты болады. Қоғам, әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік қауым, әлеуметтік мінез-құлық, әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік топтар және т.б. сияқты әлеуметтік шындықтың негізгі элементтері, яғни әлеуметтік ғылымның санаттарының әрқайсысы «тап», халық, ұлт, отбасы, сияқты түсініктермен өріледі. Әлеуметтік, әлеуметтілік терминдерінің мәні кең мағынада – бір-бірімен жан-жақты байланысын білдіретін адамдардың өзара әсері мен бірігу формаларының барлық тәсілдерінің жиынтығы ретінде, тар мағынада – қатынастың белгілі бір типті ретінде түсініледі. Мұнда ғалымдар әлеуметтік сөзінің мәні әлеуметтік қатынас ұғымынан кеңірек екеніне айрықша мән береді, себебі оның мазмұнына сондай-ақ әлеуметтік құрылыс, әлеуметтік институттар, әлеуметтік нормалар және т.б. кіреді.

Осылайша, социология қоғамдағының бәрін түгел зерттемейді, тек әлеуметтік мәні барын ғана зерттейді. Сонымен бірге осыған байланысты социология қоғамдық организмнің, қоғамдық өмірдің тұтастығы туралы ғылым. Әлеуметтік өмірдің ортасында адамдар мен олардың бірлестігінің әрекеті мен өзара әсері болғандықтан социология, ең алдымен, өзі секілділердің ортасында өмір сүретін адамдардың мінез-құлығы туралы ғылым.

Әлеуметтік шындықты зерттеу үшін социологияның әлеуметтік процесс атты санатының мазмұнын түсіндіру қажет. Социологияда әлеуметтік процесс әлеуметтік жүйе мен оның құрамындағы элементтердің, кез келген әлеуметтік нысанның кезекті ауысымы не қозғалысы ретінде ұғынылады.

Әлеуметтік процестердің төмендегідей типтері бар:

  • субъектіні сапалы күйге келтіретін, оның негізгі қызметерінің орындалуын қамтамасыз ететін функционалды түрі;
  • әлеуметтік объектінің қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін дисфункционалды түрі;
  • объектінің жаңа сапалы күйге ауысуын білдіретін дамыған түрі;
  • экономика саласында және басқа әлеуметтік – мәдени, әлеуметтік-саяси процестерді басқаруға себепші болатын базалық, яғни әлеуметтік-экономикалық және жеке әлеуметтік түрі.

Жалпы типология талдаудың әртүрлі деңгейлеріне: адамзат, қоғам, тап, ұйым, шағын топқа қарай нақтыланады.

Кез келген ғылым сияқты социология әртүрлі қызмет атқарады, олардың ішінде, алдымен, мыналарды атап өту қажет дейді: теориялық, танымдық, сипаттамалық, практикалық, ақпараттық, дүниетанымдық, болжамдық, сындарлық, реттеушілік және т.б.

Мұндай қызметтермен бірге социологтар қоғам мен қоғамдық қатынастарды ғылыми зерттеуге қолданатын тәсілдерді атау қажет: демографиялық, психологиялық, ұжымдық, интеракционды, мәдениет танушылық.

Демографиялық тәсіл қоғамды туу, өлу және халықтың көші-қоны тұрғысынан сипаттайды.

Психологиялық тәсіл адамдардың мінез-құлығын, түрткілер, ойлар, әлеуметтік мақсаттарын аша отырып түсіндіреді.

Ұжымдық тәсіл топтар мен ұжымдарды зерттеуге қолданылады.

Интеракционды тәсіл қоғамдық өмірді адамзат ара қатынасының жүйесі ретінде зерттейді.

12 стр., 5762 слов

1.1. Предмет и задачи курса социологии

... многих поколений ученых, кажд из кот прибавило принципы нового значения. Задачи социологии. 1) Эмпирическое исследование действительности (изучение общ-ного мнения, различн форм девиантного поведен ... г) логическая схема обработки собранных данных. 2.1. Социально – теоретические предпосылки становления социологии. Возникновение соц-ии и ее становление как самостоятельной науки связаны с общественными ...

Мәдениет танушылық тәсіл мінез-құлықты мәдениеттің қоғамдық нормасы мен құндылығы сияқты элементтерімен байланыстыра талдайды.

Осылайша, социология – социомәдени жүйені тұтастықта зерттейтін ғылым. Барлық социомәдениет – адам туындысы, сондықтан жеке тұлға – қоғам – мәдениет – бұл бөлініс үштік, осы үш қырлы призманың арасынан социология барлық мәселелерді шешеді.

Қоғам, оның мәні мен типологиясы

Қоғам термині әртүрлі мәнге ие, сондықтан көптеген тәсіл арқылы топтастырылады. Бұл – өте кең және икемді ұғым, ол ерекше

әлеуметтік құрылымды да, мәдени-*тарихи және саяси жүйені де, бір мүддеге біріккен адамдарды да және т.б. білдіруі мүмкін. Тар мағынада алғанда қоғам – құрылымдық және генетикалық тұрғыдағы: а) қатынас типі ә) белгілі бір тұтастықтың салыстырмалы түрде алғандағы дербес элементі.

Қоғам кез келген тарихи дәуірге, кез келген санды топқа немесе адамдардың кез келген бірлестігіне қатысты. Адамның қоғамда өмір сүретіндігін сезіну әлеуметтік ғылымдардың ұзақ уақыт дамуы процесінде өтті. Антикалық дәуірде адам тұрмысы мемлекетпен теңестірілді, сондықтан Аристотель үшін адам дегеніміз – саяси жануар, ол саяси қатынастар – қатынастың ең жоғары типі. Аристотель әлеуметтік байланыстардың басқа да құрылымдарына назар аударады. Мысалы, ол достық қатынас туралы, оның достасқан адамдар арасындағы жоғары игілікке негізделген өзара қатынастың жоғары түрі дейді. Ол достықтың пайдаға негізделген не қанағатқа негізделген болуы мүмкін екенін атап көрсетеді. Бұдан байқағанымыздай, Аристотель отбасылық және мемлекеттік байланыстарды достықтың ерекше түрі деп бағалайды.

Достықтың мұндай түрінде Аристотельше, табиғи құқық қалай жүзеге аспақ, өйткені достық сол заттарға және әділқазылық сияқты сол адамдардың арасында болады, өйткені әділет пен достық барлық қауымдастықта болады: достық – бірдей еркін және осы мағынада бір-біріне тең адамдар арасындағы байланыс.

Жаңа кезеңнің әлеуметтік қағидаларында қоғам мемлекетпен теңестірілді, сондықтан осы уақыт оқымыстылары табиғи күй, бәріне қарсы бәрінің соғысы туралы айтады, одан шығудың жолы – қоғамдық келісім шарт, ал оны сақтаудың кепілі мемлекет.

Адамзат идеясы ретіндегі тарихи дамудан алған қоғам идеясы И. Кантта уақыт кеңістігіндегі адамзатты тәрбиелеу процесі ретінде көрінеді. Гегель адамзат қоғамын жеке мүдделер аясы ретінде мемлекеттен бөледі.

Қоғам дамуының заңды және прогрессивті сипаты туралы Конттың көзқарасы қызығушылық тудырады. Оның ойынша, қоғам өз дамуында биологиялық, сондай-ақ астрономиялық заңдарға, яғни космос заңдарына, аспан денелері мен планеталар қозғалысына сүйенеді. Ол сондай-ақ қоғам дамуына климат пен халықтың нәсілдік құрамының әсері туралы да жазды. Бірақ, Конттың пікірінше, қоғам дамуына басты әсер ететін – сананың дамуы ретіндегі интеллектуалды эволюция. Позитивизмнің негізін қалаушы О. Конттың әлеуметтік мәселелерді шешудегі негізгі бабы – адам санасының алғашқылығы және оның қоғам дамуына шешуші ықпал жасайтындығы. Мұнда ол интеллектуалды эволюцияның көрінісі ретінде ғылымға рөл бөледі.

Құрылымның өзгеруі эволюциялық сипатта, әлеуметтік үндесу заңына бағына отырып жүреді. Әлеуметтік үндесу заңына қайшы келетіндердің бәрін, мысалы, таптық күресті Конт ақылға сыйымсыз нәрсе деп бағалайды. Ол қоғам дамуындағы әлеуметтік секірістерді жоққа шығарады. Қоғамдық көріністерге баға берудің жоғары формасы Махаббат – принцип, тәртіп – негіз және прогресс – мақсат принципіне сүйенді.

4 стр., 1727 слов

Леуметтік педагогика

... ретінде дамуын қарастыру; әлеуметтік педагогика дамуының тарихын зерттеу; әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі әлеуметтік мәнін көрсету. 1 Әлеуметтік педагогиканың ғылыми-теориялық негіздері 1.1 Әлеуметтік педагогика пәнінің міндеттері, негізгі түсініктері Әлеуметтік педагогика педагогика ... ған адамдармен қарым 2) Адамдарды оның физиологиялық және ... болып Кейінгі кезде қоғамдық өмірдің барлығына ...

О. Конт үшін әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның бірлігі – индивид емес, отбасы. Осында, отбасында ғана, адамдар бірлігі үстемдік етеді. Конт қоғамды функционалды жүйе ретінде санады, бұл жүйеге отбасы, топтар, мемлекет енеді, олар – әлеуметтік организмнің бөліктері және өз қызметтерін атқарады. Мысалы, Контта саяси басқару дегеніміз – оның көп қызметінің бірі ғана және ең негізгісі болғанына қарамастан, қоғам бірліктерінің бөлінуіне қарсы әрекет етуге бағытталады.

Француз социологы Э. Дюркгейм қоғамды дербестіктен жоғары ұжымдық санаға негізделген рухани шындық ретінде қарады. Неміс оқымыстысы М. Вебердің ойынша, қоғам – әлеуметтік әрекеттердің, яғни басқаша адамдарға негізделген әрекеттердің өнімі болып саналатын адамдардың өзара әрекеті. Американдық социолог Т. Парсонс та әлеуметтік әрекеттерді қолдады, ол қоғамды байланыстырушы бастама нормалар, құндылықтар және т.б. болып саналатын жүйе деп санады.

Егер, мысалы, Маркстік дәстүрді қолданып, қоғамның өзінің экономикалық ресурстарын қолданатынын және басқаратынын ескере отырып топтастырсақ, қоғам құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік, коммунистік болып бөлінеді.

Егер дінді басшылыққа алып топтастырсақ, онда оны мұсылмандық, христиандық т.б. қоғам деп бөлеміз.

Қазіргі социология барлық типологияны бір синтетикалық үлгіге біріктіре отырып қолданады. Оның авторы ретінде американдық социолог Даниель Беллды санайды. Ол бүкіләлемдік тарихты үш сатыға бөледі: индустрияға дейінгі, индустриалды және постиндустриалды.

Индустрияға дейінгі қоғам үшін дамудың шешуші факторы ретінде ауыл шаруашылығы алынады, сондықтан оны аграрлы қоғам деп те атайды.

Индустриалды қоғамда дамудың негізгі факторы – басында корпорациясы не фирмасы бар өндіріс.

Постиндустриалды қоғам жоғары технологияны, теориялық білімді сипаттайды. Жеке меншік әлеуметтік теңсіздіктің белгісі ретінде өз мәнін жояды. Шешуші фактор білім және білім беру деңгейі болып саналады, сондықтан бұл қоғамды ақпараттық деп те атайды.

Қоғамның қазіргі синтетикалық үлгісі конвергенция процесін ескереді, адамзат қоғамының дамуы барысында экономикалық, саяси, мәдени, идеологиялық және т.б. айырмашылықтар біртіндеп жойылып, ұқсастықтары арта түседі.

Бұл процестерді өз кезегінде американдық социологияның негізін қалаушы Ресейлік ғалым Питирим Сорокин көріп, сипаттап жазған. Конвергенция теориясын жасай отырып, П. Сорокин адамзат өзінің әлеуметтік дамуы барысында капитализмнің бұлыңғыр жақтарын да, кеңестік жүйеден алған тоталитаризмді жеңеді. Конвергенцияның негізі құндылықтар, құқық, саяси, өнер, уақыт, ғылым жүйелерінің жақындығы болып саналады деп есептейді ғалым. Ақырында конвергенция интегралды социомәдени типтің қалыптауына әсер етеді, қоғамның бұл типі көптеген жағымды құндылықтарды біріктіреді және әр типтегі айтулы ақаулардан арылтады.

Жерде берік те ұзақ бейбітшілік болуы мүмкіндігіне сенген П. Сорокиннің идеялары бүгінгі күні де көкейтесті болып отыр. Өзінің «Соғыс себептері және бейбітшілік шарттары» атты еңбегінде ол төмендегідей шарттарды ұсынады:

7 стр., 3273 слов

Леуметтік философия

... қ рөл атқарады әлеуметтік философия және қатысты басқа да қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар. ... взаимопроникают бір-біріне. Сондықтан кейбір білімдерін біз сенімсіздікпен байланысты немесе сомнением, әйтпесе мүмкін емес еді ә ... әрқашан бар және қатынасы, адамдар болып жатқан үрдістерге сәйкес олардың мағ ... мақсаттарымен таныстырды. Барлық бұл жасайды құндылықтар жағына қарай білу, ол айырады оны ...

1. Қазіргі мәдени құндылықтардың көбін негізгі түрде қайта қарау және қайта бағалау.

2. Барлық мемлекеттерге, халықтарға және қоғамдық топтарға барлығын айырмашылықсыз біріктіретін негізгі нормалар мен құндылықтар жүйесін шын мәнінде тарату және енгізу.

3. Соғыс пен бейбітшілікке қатысты барлық мемлекеттердің егемендігіне шектеу қою.

4. Барлық мемлекеттік кикілжіңдерді шешуге міндеттеу және мәжбүрлеу құқығы бар жоғары халықаралық үкімет мекемесі.

П. Сорокин адамзаттың барлық тарихи міндеті шындықты, әсемдік пен қайырымды шектеусіз жасау, жинақтау және жетілдіру болып саналады деп есептеді.

Социологиялық әдебиеттерде қоғамды ерігі мен санасымен ерекшеленетін, белгілі бір мүдде мен көңіл күйінің әсерімен әрекет жасайтын адамдардың тарихи дамуының жиынтығы ретінде қарау туралы көзқарас кеңінен тараған. Адамдардың мүддесі мен қажеттіліктері әртүрлі болуына байланысты адам оны қанағаттандыруға өмір бойы ұмтылады, сондықтан қоғам өмірі тоқтап қалмайды, керісінше үнемі өзгеріп, дамып отырады.

Кез келген қоғамды түсіну, оны сипаттау оған тән құндылықтар жүйесіне ену арқылы ғана мүмкін болады. Әлеуметтік құндылықтар – жетуге тиісті мақсаттар бойынша қоғам не әлеуметтік топтар бөлген пікірлер мен осы мақсатқа жеткізетін негізгі жолдар мен құралдар. Әлеуметтік құндылықтар сол қоғамға тән салт, дәстүр, әдет-ғұрыптың әсерінің нәтижесінде қалыптасады.

Дәстүр дегеніміз – жиі қайталанатын сол қоғам үшін мінез-құлықтың басым типі, белгілі мағынада-типтік болып саналатын құбылыс. Қатаң мағынада алғанда дәстүр туралы тек ол автоматты, уақыт бойынша кенеттен берілсе ғана айтуға болады. Дәстүр – алдыңғылардан қалған мәдени мұра.

Осылайша, дәстүр белгілі бір қауым – отбасы, әлеуметтік қабат, тап, қоғамдық ұйым не партия, берілген ел азаматтары шеңберінде ұзақ уақыт бойы берілетін ұйымдасқан көптеген идеялар мен мінез-құлықтар ретінде анықталуы мүмкін. Мысалы, кейбір ұлттық психологияға байланысты – мемлекет пен заң алдында тағзым ету, заң мен элита алдында тағзым ету, жеке тұлға мен үкіметті және элитаны қарсы қою сияқты жалпы халықтық дәстүрлер де бар. Мұндай дәстүрлер көбінесе әртүрлі елдердің қоғамдық құрылысындағы ұлттық ерекшеліктерді анықтайтын экономика саласында көрінеді.

Кез келген дәстүр жеке тұлғаға байланысты болса да, адамның жақсыз сақтайтын әрекетінің практикасы мен формасы салт болып есептеледі.

Әдет ғұрып дегеніміз – моралдік мәні бар салт. Бұл санатқа берілген қоғамда болатын және адамгершілік бағамнан жоққа шығаруы мүмкін адамдардың мінез-құлық формалары енеді.

Әдет-ғұрып – бүкіл қоғам мүшелері не оның жекеленген әлеуметтік топтары өзіне рұқсат ететін, не тыйым салатын әрекеттерін тіркейтін түсінік. Әдет-ғұрып – адамдар басшылыққа алатын мінез-құлық нормасы мен эталоны. Әдет-ғұрыптардың жиынтығы әлеуметтік қауымның адамгершілік қасиеттерімен байланысты. Әрбір қоғам белгілі бір әдет-ғұрыпқа өз бағасын беріп отырған. Әлеуметтік нормалар – берілген қоғамдағы әлеуметтік топтағы рұқсат етілет мінез-құлық өлшемі.

Әдет-ғұрыптың ерекше формасы табу болып саналады. Табу – белгілі бір әрекетке, сөзге, затқа салынған тыйым. Әсіресе ол дәстүрлі қоғамда таратылады. Табудың алғашқыларының бірі қан алмастыру, қаныпезерлік, моланы ашу т.б.

6 стр., 2893 слов

Философия туралы жалпы түсінік

... келесі тіршілігі өзінің іс-әрекетіне (кармасына) байланысты. * Жанның азаптан босатылу қасиеті бар ( ... амы деп атаған. Олардың әлеуметтік құрылымы варнашрама-дхарма деп аталады. Бұ ... Құдайға құлшылық, медитация туралы айтады. Ал Упанишадтарда индуизм философиясының ... бір түрге біріктіру мүмкін емес. Мұнда құдай ... грихастха (отбасылық өмір), ванапрастха (қоғамдық өмірден бас тарту), санньяси (тариқаттылы ...

Қоғам өзіне тән мәдениетті де сипаттайды. Мәдениет ұғымының мәні әралуан және білдіретін мағынасы да көп. Мәдениеттің адамды жануарлар дүниесінен, табиғи жаратылғанды мәдени өндірілгеннен бөлетіндігі мойындалған.

Неғұрлым кең мағынада алғанда мәдениет дегеніміз – байланысты қайта өзгертуге, адамның мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтау мен дамытуға бағытталған адамзаттың шығармашылық әрекеті.

Мәдениет материалдық және рухани болып бөлінеді. Мәдениетті кімнің жасайтынына және оның деңгейіне байланысты социологтар оны үшке бөледі: эгалитарлы, халықтық және көпшілік, сондай-ақ оның екі түрін көрсетеді: субмәдениет және контрмәдениет.

Мәдениет феноменінің мазмұнына басқаша қарайтын тұжырымдамалар да бар. Бір кездері “мәдениет” ұғымы “өркениет” ұғымымен теңестірілді. Бұл ұғымды алғаш қолданған француз оқымыстысы Ж.Б.Мирабо “өркениет дегеніміз – жабайыларда жоқ, әдептілік пен ізеттілік ережелері сақталатын қоғам, сондықтан олар өркениетті адамдар бір-бірін тани алатын “таңба” болып саналады”, – дейді. Француз ағартушылары ақыл-ой мен әділдікке, қоғамдық үндестікке негізделген қоғамды өркениетті қоғам деп атады.

Неміс философы О. Шпенглер өркениет ұғымына мәдениет ұғымын қарсы қояды. Оның ойынша, мәдениет – “өмірлік – органикалық дүние патшалығы”, ал өркениет – “техника-механикалық элементтер жиынтығы”. Осыған байланысты өркениетті олар құлдырау көрсеткіші және қоғамның өлуі деп санайды. Шпенглер бүкіл әлемдік тарихи даму бірлігін жоққа шығарады. Оның ойынша, тарих бірнеше тәуелсіз, қайталанбас тұйық циклды мәдениеттерге, жеке тағдыры бар, гүлдену және өлу кезеңдерінен өтетін ерекше жоғары организмдерге бөлінеді. Әрбір мәдениет өз өмірінде бірнеше кезеңдерден өтеді, өлген кезде өркениетке айналады. Ғалымның пікірінше, мәдениеттен өркениетке өту шығармашылықтың, батырлық істердің құлдырауы, көркем шығарманың қажеті болмай қалады, механикалық, шығармашылық сипаты жоқ жұмыстар салтанат құрады.

Ғарышты игеру, компьютерлік техниканы ендірумен байланысты адам санасында біртіндеп өркениет туралы адамдардың техникалық жетістіктерінің шыңы екендігі жөнінде ұғым нақтыланады. Өркениет дегенде материалдық жетістіктер, ал мәдениет дегенде адамның рухани әлемі ойға оралады.

Әр қоғамға белгілі бір философия, мәдениет, дәстүр, қоғамдық мәні бар құндылықтар, әлем туралы жалпы түсінік, халықтың рухының негізін, оның моралі мен көзқарасын білдіретін өзіндік өмірлік принциптер тән.

Әңгімелесу кезінде жапондықтар ағылшындармен салыстырғанда “жоқ”, “болмайды”, “білмеймін” деген сөздерді қолданбауға тырысады. Екінші кесе шайдан бас тартқанда жапондықтар “жоқ, рақмет” деген сөздің орнына сөзбе-сөз мағынасы “маған онсыз да тамаша” деген тіркесті қолданады. “Жоқ”, деген тыйым сөзден қашу үшін күншығыс елінің тұрғындары қонаққа шақырғанда кері мекенжай көрсетіп открытка жібереді. Ондағы “мархабат” не “өкінішті” сөзінің астын сызып қайтадан пошта жәшігіне салуы керек.

Ағылшындар мен жапондықтармен салыстырғанда, ТМД тұрғындары, мысалы, Ресейде бұрынғы салт-дәстүрден бас тарту басымырақ, бірақ олар да бұрынғыны сақтауға тырысады. Жұмбақ жанды орыстар туралы айтқанда, Ресейліктер орыс ақыны Тютчевтен: “Ресейді ақылмен түсіну мүмкін емес, аршынмен өлшеу де мүмкін емес, артықшылығы оның сонда жатыр – тек Ресейге сену керек” деген өлең жолдарынан үзінді келтіргенді ұнатады. Ресей халқының ерекшелігіне жауап іздеген зерттеушілер оны (ерекшелікті) ел тарихы мен жағрапиясынан табады. Шынында да Ресей – алып өлшемді ел.

5 стр., 2251 слов

Тұлға туралы ұғым

... қасиеттері. Олар неғұрлым тұрақты. Олар адамның өмір сүру кезіндегі биологиялық дамуы нәтижесіндек өзгеріп тұрады. Кейдк ауруға байланысты, бірақ к ... ұлға туралы түсінік. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға - єлеуметтік индивид. Тұл ... оқып отыратынын, теледидар мен радионы , тіпті жәй әңгімені тындағанда да, яғни театр жөнінде айтылған – жазылғанның бә ...

Тағы да бір назарда ұстайтын факторлар – дін мен мәдениет. Мұнда да Ресейліктердің ұлттық мінездемесі жатыр.

Зерттеушілер халық өміріндегі мерекелерге де назар аударады. Олар сондай-ақ ұлттық мінез ерекшеліктері туралы да хабар береді. Ресейдегі көптеген мерекелердің ежелден тарихы бар. Мысалы, “қысты шығарып салу”. Ертеректе бұл мейрам көктемгі жер жырту жұмысына өтуді білдірген, діни сипаттағы ғұрыптарда орындалған. XVI – ғасырдан бастап мереке “масленица” деп аталды, өйткені, бұл күндері майға құймақ пісірілетін еді. Жеті күн бойы шексіз сауық-сайранмен мерекеленетін. Мерекеде сабаннан алабажақ киім киген әйел пішінді қарақшы жасады, оған бау, моншақтар тақты. Қарақшыны отқа жағып, қыздар күн, көктем, жаңа егіс туралы ән айтады. Бұл салттың мәні – қыс көктемнің келуіне кедергі жасамауы керек.

Орыстарға тән әзілқойлық, олардың қиялшыл мінезіне, білімі мен мәдени тәрбиесінің жоғарылығына байланысты дейді зерттеушілер. Соңғы жылдар Ресейліктерге оңай тиген жоқ, бірақ оларға әзілсіз өмірдің мәні жоқ.

Шектен шығуға құштарлық пен қарама-қарсы шығу орыстардың ең басты ерекшеліктері деп көрсетеді кейбір зерттеушілер. Бұл ұлттың өкілдері өзінің білімімен, ақыл ойымен таң қалдыруы да мүмкін, сонымен бірге жалқаулығымен, ішкілікке құмарлығымен, өз міндеттеріне жауапсыз қарауымен көңіл қалдыруы да мүмкін. Сонымен бірге біржақты ойлайтыны да байқалады. Мысалы, егер олар Сталинді жоққа шығарса, түгел жамандайды. Егер социализмді жамандаса, онда оның ешқандай жақсылығын көргісі келмейді.

Ұлттық ерекшеліктер барлық халықтарда бар. Әрбір зерттеуші оны өзінше көріп, ашуға тырысады. Социология ғылымы әртүрлі әділ тәсілдермен зерттейтігіндігімен де тамаша. Социологиялық білім қоғамға едәуір ықпал етеді. Социологтардың жұмысы адамдардың қоғамдық құбылыстарға қатынасын өзгертуі мүмкін, қолданыстағы әлеуметтік саясатты бағалауға жәрдемдеседі, шешім қабылдау үшін ақпараттар жинайды. Қоғам әлеуметтік ғылымдарды дамытуға мүдделі болуы тиіс, өйткені бұл ғылымның зерттеу өрісінде кез келген қоғам организмінің өмір сүруіне қажетті аса маңызды мәселелер жатыр…..