Орта ғасырлардағы жан және сана туралы түсініктер.
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Психика туралы түсінік. Психика – матария қасиеті, мидың қызметі болуымен психика дамуының алғы шарты бейнелеудің ерекше формасы. Психиканың қызметі, бірініден қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін, байланыстардын бейнелеу, екіншіден осының негізінде адам қылығы мен қызмет әрекетін ретестіру.
Психологияның пәні болып субъектінің табиғатпен әлеуметтік мәдени әлеммен заңды байланысы, олар сезім және ақыл-ой жүйесінде бекітілген, мотивтері, яғни әрекетке итермелейтін, сонымен қатар іс-әрекеттің өзі және де адамның өзіне қатынасы, басқа адамдармен қарым-қатынасы жеке адам немесе тұлғаның ерекшеліктер жүйесі болып табылады.
Психологиялық ой көптеген ғасырлар бойы қиын-қыстау кезеңдерін басынан кешті, ол өзгерістері қаншалықты толықтырылып, терминдері ауысса да (жан, сана, психика, іс-әрекет және т.б.) психология пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Оның биологиялық компоненттері жануарларда да кездеседі (ортаны сезіну, жүріс-тұрыс мотивациясы, инстинктивтік және жүре пайда болған).
Бірақ адамның психикалық ұйымдасуы оның биологиялық формаларынан әлдеқайда өзгеше. Әлеуметтік мәдени өмір сүру адамның санасын оятады. Адамаралық қатынастар тіл арқылы сөзбен немесе өзара әрекеттесу барысында, индивид өзін басқа адамдарға қарау арқылы психикалық өмірдің субъектісі екендігін тани алуға қабілеттенеді. Алдын ала мақсат қою, оны әрекетке айналдыру өзіндік жүріс-тұрысты іштей жоспарлайды. Осындай жоспардың барлық компоненттері саналы тілге ауыса алмайды.
Психиканың даму адамның табиғи мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамуының негізгі субьектісі екендігі Маркс, Энгельс, Фейрбах шығармаларында материолистік тұрғыда баяндалды, адам қоғам мен табиғат жағдайында бейімделіп, өзінің белсенді іс – әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл ой иесі ретінде анықталады. Сөйтіп, 19 ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылыми сапалық жаңа мәнге ие болады, адамның табиғат пен, қоғам мен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделып отыратындығы нақтылы іс әрекеттер арқылы жүзеге асырылып, оның шынайы мәні анықталады. Психологияның 19 ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналының табиғи – ғылыми негізі физика мен химия, физиология мен биология, дарвенизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психологиясы мен психологиялық зерттеулердің нәтижесі. Психололгия пәні өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннің тәжірбиелік ғылым екендігін айқын сезіне аламыз. Бұл анықтаманың мәнісін әрбір психикалық құбылыстар мен психологиялық сипаттардың сырын, мән жайын арнайы тәжірбиелер қолданып анықтауға болатындығымен түсіндірген жөн.
Ми және психика реферат қазақша
... а қатысады. 7) Торлы құрылым гипоталамус, таламус және көне ми қыртысы қосылып лимбиялық жүйе құрайды. Бұл жүйе адамның іс — әрекетіне, мінез құлқына ... ы. бүйірдегі, артқы болып бес топқа бөлінеді. 3. Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы,торлы құрылым, сопақша ми мен тығыз байланысты. ... Ал егер бұл ортаны алып тастаса тамаққа қарамайды. Адам жүдейді. 11. Гипоталамуста шөлдеу орталығы орналасқан. Егер оны ...
1.Психологияның даму тарихы.
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды.Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына себепші болды. Ежелгі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грекияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды.Адам тіршілігінің негізі-қан айналымына ерекше мән берілді.Тіршіліктің негізі-қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д.XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған еді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан діңгерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы- жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктері мен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөліктен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден- өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрселердің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.
Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген:1)
Адам организмі жайындағы
Психология салалары
... адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады [5, 24 б]. Арнайы психология. Бұл адам ... тарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тә ... жірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму ...
Психология-сан салалы ғылым. Бұл тақырыпта адам психикасының көріністері жан-жақты қарастырылып, олар өзара байланысты, біріне-бірі әсер етіп отыратын бірыңғай тұтас жан салалары екендігі айтылады. Мәселен кітапты оқу көру мүшесі арқылы, ал қабылдау арқылы текстіні толық түсініп, ол туралы ойлауға, ұғынуға мүмкіндік туады. Ол үшін зейінді шоғырландыру керек болады. Фактілерді еске түсіріп, олар қалай болар екен дегендей адамның қиялы шарықтайды.Адам психологиясын нақтылы әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады.
Психология ғылымының даму тарихы біріне бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың күресіне толы. Ол Аристотельден басталатын жан дүниесінің тарихы. Бұл ғылымның тарихи кезеңдері әйгілі оқымыстылардың ғылыми пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған.
Бұдан соң психология деген сөздің төркіні, яғни шығу тегі түсіндіріліп, ол грек тіліндегі “псюхе”-жан, “логос ”-ғылым деген мағынаны білдіреді. Психология жан туралы ілім. Мұндай түсінік ерте замандардан XYIII ғасырдың басына дейін өктем болып келді. Психологияның өз алдына дербес эксперименттік ғылым болып бөлініп шығуы, В.Вундтың 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш лаборатория ұйымдастыруы. Сонымен қатар психология- сана туралы ілім. Ағылшын философы Джон Локктың “ сана- сыртқы заттық дүниенің бейнесі ” дейтін қағидасына орай пайда болды. Психологияның басқа ғылымдардан бөлініп дербес білім бола бастауы-Гартли бастаған ағылшынның эмпирикалық ассоциациялық психологиясы (XYIII ғ. Ортасы)
XIXғ.60ж,-XIXғ.аяғында
Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысты сырт көзге байқала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы,психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай қарағанға “сыйыспайтындай” болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір — психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол- адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері.
Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл.
2. Ежелгі психология
Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әрқилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анемизм (Лат «анима» жан деген сөзден шыққан) деп аталады.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель психологиялық ой пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп «Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оның тәжірбиеге негіздеп құруды мақсат етті. Писхология Арестотель заманында ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналған – ды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір сүретіндінгін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материолистік тұрғыдан шешті, Платонның психика жайындағы дуалимтік көзқарасын обьективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектеіг дамуына ғылыми негіз болып қаланды.
Педагогика. D адам трбиесі туралы ылым
... педагогика. C) Педагогика тарихы. D) Коррекциялық педагогика. E) Жалпы педагогика. № 6 Жалпы педагогика бөлімдері: A) Педагогикалық психология, таным теориясы. B) Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану. C) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика. ...
Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреци, Гален психологияның жан дүниесінің сыры мен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал ұлы Грек ойшылы Сократ «өзіңді – өзің тани біл» деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесі мен, сыры мен ұштастырды. Сондай ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағы ой пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның экономикалық саяси құрлысына орай түрлі идеялық бағытта материялистік идеолистік болуы таңданарлық жайт емес.
3. Орта ғасырлардағы жан туралы ілім.
Орта ғасырларда жан туралы ілімді Аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген араб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста — Ибн Сина, ал батыста Ибн Рошд болды. Бұлар табиғи ғылымдарды зерттеумен шұғылданып, олардың нәтижелері еуропалық елдерде кеңінен таралды. Ибн синаның «Медицина қағидасы» деп аталатын еңбегі 500 жыл бойы жұмыр дүниенің шар тарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден бір құрал болды. Ал Ибн Рощдтың ақыл ойдың дамуы жайындағы зерттеулері еуропалық схоластикаын діңкелетіп, дүние болмысы мен адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады. Сөйтіп, Ибн Сина мен Ибн Рошд көзқарастары табиғаттың мәңгілік өмір сүретініне айқын көз жеткізіп, жанның тіршілігі тәнге байланысты, оынң заңдылығын қалай болса солай өзгерту мүмкін емес, әрбір адамның жаны мен даралығын мәңгілік деп санау шындықа сай келмейді дейтін мистикаылқ ұғымның жалғандығын ашып көрсетті.
Орта ғасырлық арап тілді ғұламалап Закария Разидің ғылымды бақылай нәтижерелі мен тәжірибиеге негіздеу жайындағы ой пікірі, Ибн әл-Хайзамның психофизиологиялық идеялары Ибн Сина зерттеулері мен ұштасып, жан жүйесі жайындағы ғылымның қанат жайуына елеулі үлес қосты.
Орта ғасырлардағы еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық ой пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеолистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты.Осы бағытта Фома Аквинский мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі көзқарастары үдей түсті. Алайда мұндай схоластикалық түсініктерін шындыққа сай еместігін көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест, оның шәкірті Роджер Бэкон барлық ғылымдар тәжірбиеге және математика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен бірлікте өмір сүреді дейтін Аристотельдік қағиданы жаңғыртты. Психологияның даму тарихында орта ғасырлық дәуір талас тартысты оқиғаларға толы болды.
17 ғасырдағы психологиялық ой пікірді дамытуда: а) жанды дененің, соның ішінде адамның да жан дүниесін зерттеп, олардың құпия сырланы ашу; ә) әрбір индевидке тән сананы, оның ішкі дүниесін бақылау арқылы өзіндік психикалық көңіл жайын; б) адамның құмарлығы мен эффектті күйлері мен, оның өз мінез құлқын өзгеруін, жақсы мен жаман істерге бой ұруын; в) денесінің күш қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психикалық жағдайлары ара қатынасының қандай күйде екендігін анықтауға ерекше мән берілді.
4. XVIII – XIX ғасырдағы психологиядағы ағымдар
17 ғасырда психология ғылымында айтарлықтай өрлеу байқап физик И.Ньютон мен физиолог ғалым А.Галлердің зерттеулері, оның негізі болып саналады. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршіліктің негізі туралы ілімді жетілдіруде әсенр етіп, оның мәнін арттырды. Сөйтіп, ойлаудың дамуында ақыл-парасат шешущі рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірбиелік зерттеулерге сүйенетін боды. Психиканы осы тұрғыда қарастыру әрқилы бағыттарды жиі ұштастырды. Олар бірі жан дүниесін зерттеу адамның ішкі сырын түсінуге бағытталу қажет деп, енді бірі психиканы танып білудегі тәжірбиенің жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірбиеден ешқандай айырмашылығы болмауы қажет деп есептеді. Ассоциативтік психология Ньютон ашқан әлемдік тартылыс заңы 19 ғасырдың соңына дейін өзгермейтін заң деп саналып келді. Соған орай сол заманның ағартушылары Ньютон мен Лоок есімдерін қосарлай айтып дәріптеді. Өйткені бұл екеуі де ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Психологияның жалпы тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгайінде тұңғыш ре көтеріп, оын дәріптеуші ағылшын дәрігері – Гартли. Ол психикалық процестердің барлығы ассоциацияға сүйенеді деп түсіндіріледі. Оның «адам бақылау» деген еңбегі ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекетінің маткриолистік тұрғыда түсіндіруге тырысады. 19 ғасырдың бірінші жартысы – психологияның даму тарихындағы елеуді кезеңдердің бірі. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы концепциялық материолистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т. Браун, Джеймс Милль сияқты зерттеушілер қолданды. Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсікк пн қарапайым сезім түрлерінен тұрады; екіншіден, ассоциация бойынша — бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрлымдар – елес, ой, сезім екінші деп саналды.; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топтағы психикалық процестер арқылы құрылады; төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірбие арқылы санада жиі қайталанып оқыту нәтижесінде бекиді. Ассоциациялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу нәтижелері мен анықталады. Г. Гельмогольц ассоциациясының жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Чарльз Дарвин ассоциациясы эмоция арқылы түсіндірілді. Орыс физиологі М.Сеченов ассоциацияның физиологиялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спенсер оны психиканың филогенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез құлық өзгеруіне бейімделеді деді. 19 ғасырдың 80-90 жылдарындағы Г. Эббингазу, М. Мюллер тәрізді басқа да психологтардың еңбегінде ассоциацияның жасалу жолдары түрліше түсіндіріліп, бұл концепция одан әрі дамытылды. Психологияның 19 ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуында бұл ғылымның дербестік сипаты айқындалып, оны зерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінді, физиологиялық зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіде иек артты.
Тұлға туралы ұғым
... ұзағырақ Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері. Олар неғұрлым тұрақты. Олар адамның өмір сүру кезіндегі биологиялық дамуы ... ға туралы түсінік. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық. Тұлға - єлеуметтік индивид. Тұл ... бірлігі. Әлеуметтік мінез-құлықтың сыртқы (жағдайаттық пен орта) және ішкі (өзіндік жекелік) детерминациялары. К.Левин бойынша психологиялық өрісте ...