Психология салалары

Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері

Қазіргі кезеңдегі психология — қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:

1. Еңбек психологиясы

2. Педагогикалық психология

3. Медициналық психология

нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.

4. Инженерлік психология

Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны. Азамат — әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, ұжымшылдығы мен өзімшілдігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әлеуметтік психологияның тармақтары, яғни этностық психология, ұлт психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.

9. Әскери психология

10.Заң психологиясы

11. Спорт психологиясы

Даму психологиясы — әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады [5, 24 б].

Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.

2 стр., 879 слов

Қазақша Әлеуметтік психология ғылым ретінде

... ерекшеліктерін ескере отырып олардың қалыптасуының нақты механизмдерін зерттейді. Социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің көздерін зерттейді. Әлеуметтік психология ... леуметтік факт бүл әлеуметтік парасат. Оны зерттеумен «қоғамның психологиясы» немесе социология шүғылдануы тиіс. Ғалымның пікірінше, қоғам — физико-психикалы ... ашқы қауымдық адамның ойлау ерекшеліктерін зерттейді. Осы барлық ...

Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя — ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология — саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.

Басқару психологиясы, Көркем, әдебиет пен ғылыми- шығармашылыққа қатысты психология

Жалпы психология салаларының ішінен ерекше орын алатынын айта кеткен жөн. Ол басқалармен бір қатарда тұратын психология ғылымының тармағы емес: бұл — психология айқындаған жалпы заңдылықтарды сипаттау кезінде қолданылатын ерекше атау. Психологияның тарихы мен әдістемелерінің, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және байланысының жалпы заңдарын зерттейтін теориялары мен әдістерінің мәселелерін шешу жалпы психологияның міндеттеріне жатады. Ол танымдық және практикалық әрекеттерді зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеудің нәтижесі — психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз болады.

Жалпы психология, пәні психологияның жалпы теориялық ұстанымдары мен маңызды әдістері туралы ғылыми ұғым береді. Қарастыруға ыңғайлы болу үшін, бұл ұғымдар үш негізгі дәрежелерге біріктіріледі: психикалық үрдістер, психикалық күйлер және психикалық қасиеттер, немесе ерекшеліктер, тұлғалар.

ҚОРЫТЫНДЫ

Психология дегеніміз — психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып — үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді.

Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін — оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.

2 стр., 924 слов

Жалпы психологияға кіріспе» пәні

... психологияның пәні мен әдістері Жалпы психология мен әлеуметтік психологияның өзара байланысы. Әлеуметтік психология пәні туралы ойлардың эволюциясы. Әлеуметтік психологияның зерттейті мәселелері. Әлеуметтік психологияның ... ретінде. Үлкен топтардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары. Бұқаралық (массовидные) психикалық құбылыстар Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі. Ұйымдаспаған стихиялық ( ...

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет, Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет, Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет, Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет, Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет, Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.