Логопедия өзінің практикалық және теориялық зерттеу жұмысына қажетті мәліметтерді алу үшін өзіне жақын көршілес ғылымдармен тығыз байланыс жасайды. Логопедия тілдің механизмдерін ми құрылысындағы тілдің даму процесін, анализаторлардың құрылыстарын және олардың атқаратын жұмыстарын қарастырған кезде сөйлеу тілі қызметінің барысына тікелей қатысып ат салысатын жалпы анатомия мен физиологияның және нейрофизиологияның ілімдерін пайдаланады. Логопедия құлақтың, мұрынның, жұтқыншақтың көмейдің ішкі құрылыстарымен олардың сөйлеу тілінде атқаратын қызметтерімен және олардың ауруларын тексеріп емдеудің және болдырмаудың жолдарын құрастырумен айналысатын отториноларингологиялық және жүйке жүйелері ауруларын емдеудің және болдырмаудың жолдарын қарастырумен айналысатын невропатолог және психикалық аурулардың патологиялық процестерінің пайда болу себептерінің заңдылығын, даму барысының механизмдерін тексеріп зерттеумен және емдеумен айналысатын психопалогиямен және клиникалық олигофрения педиатриямен, сонымен қатар лингвистикамен және психолингвистикамен тығыз байланысты.
Тіл мүкістіктерінің түрлері негізінен ауызекі және жазбаша болып екі топқа бөлінеді. Ауызекі сөйлеу тілі мүкістіктеріне жататындар: Дисфания, Дислалия, Бразилалия, Глахилалия, Тұтықпа, Ринолалия – сөйлеу тілі мүшелерінің аппаратындағы анатомо-физиологиялық кеністіктердегі дауыстың әуелсіздігі мен дыбыстардың айтылуы бұзылады. Сөйлеу тілі мүкістіктері мен психикалық әрекеттердің басқа жақтарының байланыстарын анықтап, араларын ашып алудың нәтижесі бұзылған кемістіктердің пайда болуына әсерін тигізетін психикалық процестерге ықпал жасаудың жолын қарастыруға жәрдем береді. Сөйлеу тілінің мүкістіктерін тікелей түзетумен қатар оның әдеттегідей дұрыс жұмыс істеуіне жанамалап немесе туралап кедергі келтіретін психикалық даму ерекшеліктерінің қайсысына болса да ойдағыдай ықпал жасаудың қолайлы жағдайына мүмкіндік туады.
Ринолалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының анатомо-физиологиялық ақаулығының салдарынын дауыстың әуездігімен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринофаниядан ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару (фонация) дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылымен жұтқыншақтың артқы жағының қалыңдауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңдайдың арт жақ үсті жұтқыншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының жалғасу деңгейі жұмсақ таңдайдың ұзындығына байланысты өзгеруі мүмкін.
Предмет, задачи и методы логопедии
... науками) и внутрисистемные (с педагогикой, различными отраслями специальной педагогики, методами обучения родному языку и математике, с логопедической ритмикой, с общей и специальной психологией). Основными принципами логопедии ... речь в результате черепно-мозговых травм, нейроинфекции или опухолей мозга после того, как речь уже была сформирована. Если такое нарушение произошло в возрасте до ...
Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айтылуы мен сөздің шапшаңдығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп бірде әртүрлі биіктікте жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылатын дыбысқа байланысты және ол дауыссыздарға қарағанда дауыстыларда аз ашылады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының аралығында 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарда мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз в дыбысында, ал ең қатты қабысуы с дыбысын айтқан кезде болады. Бұл а дыбысының қабысуы кезіндегіге қарағанда 6-7 мәрте күштірек десе болады. М, н, ң, мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағымы мұрын резонаторының кеңістігіне емін-еркін кіріп кетеді.
Ринолалияның түрлері, Жабық ринолалия.
Функционалды жабық ринолалия балаларда жиі кездеседі бірақ анықталуы әруақытта дұрыс бола бермейді. Оның бір ерекшелігі мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды жабық ринолалия мұрын және дауысты дыбыстардың әуезділігі органикалық жабық ринолалияға қарағанда күштірек бұзылған болуы мүмкін. Оның себебі жұмсақ таңдай оронациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезінде әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетеді де дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар нерв ауруына шалдыққан балаларда байқалады. Органикалық бітеу ринолалия кезінде ең алдымен мұрын қуысының тарылуын жояды. Мұрыннан дем алуы қалай дұрысталса, ақаулық та солай жоғалады. Егер мұрын жолының тарылуын жойғаннан кейін де бітеу ринолалия және ринолалия дағдылы тұлғасынан өзгермесе, онда оған функционалды бұзылуға жүргізілген жаттығуды қолданады.
Функционалды бітеу ринолалияда балаларға мұрын жолды дыбыстарды айтқызуды жүйелі түрде жаттықтырады. Ауаны ауыздан және мұрыннан ішке жұтуды, сосын осы жолмен тысқа шығуды дифреренциялау бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі. Содан кейін дауыс жаттығулары арқылы тыныс жолының қимылдарын орнықтыру жаттығулары қиындатылады. Сондай-ақ қозғалысты жаттығуларды қолданғанда тыныс жолының қимылдарын қолдың, дененің қимылдарымен байланыстырудың пайдасы бар. Балаларға мұрынның желбезегі дірілдейтіндей етіп дыбыстарды созып айтуды үйретеді. Одан әрі мектеп жасына дейінгі балаларды дауысты дыбыстарды аздап мұрыннан естілетіндей етіп пи, пе, пу, пе, па буындарын айтуды талаптандырады. Осы тәсілмен дауыссыз дыбыстарды да мұрын жолды дыбыстардың алдында жаттықтырады. Бала бұл буындарды дұрыс айтуды үйреніп алған соң, енді ішінде мұрын жолды дыбыстары бар жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттыға бастайды. Мұрын жолды дыбыстары бар сөздерді мұрыннан анық естілетіндей етіп дауысын созып қатты айтуға тырысу керек. Жаттығу жұмысының қорытындысы дауысты дыбыстарды әрі ұзақ, әрі қысқа және қатты айтумен аяқталады. Сонымен қатар, бұндай жаттығуды үннің ырғағымен де орындайды. Функционалды жабық ринофанияны түзету жұмысы көп емес. Ал ринолалияны алдын ала болжау қиын болғандықтан түзету жұмысының мерзімі де ұзақтау. Оның себебі функционалды бітеу ринолалияның артикуляциясындағы дыбыстардың ақаулықтарын да жоюға тура келеді. Сондай ақ, ринолалияның бұндай түрлеріне шалдыққан балалардың психикалық дамуына кейбір ерекшеліктер де жиі байқалып қалады.
Шпоры по ринолалии. Нарушения голоса. Ринолалия
... обычными методами, которые применяют при дислалии. 29. Этиология и патогенез открытой ринолалии (см.31) Расщелина лица — это пороки сложной этиологии, т.е. мультифакторные пороки. В их возникновении играют ... роль генетические и внешние факторы или их совместное действие ...
Ашық ринолалия
Ерін және таңдай жарықтарының сөйлеу тілінің дамымауының қалыптасуына әр түрлі роль атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты. Жарықтың мынадай түрлері кездеседі: үстінгі еріннің жырығы, үстінгі ерін және жақ сүйектер жырығы. Қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы. Үстінгі еріннің жырығы тіс түбі қызыл ет өскіні және таңдайдың бір жақты немесе екі жақты жырығы. Таңдайдың шырышты қабығы асты жырығы. Жырық ерін мен жырық таңдайда барлық дыбыстар мұрыннан немесе мұрын жолы реңімен айтылып, сөйлеу тілі түсініксіз етіп бұрып жібереді. Аузындағы асын жұтқанда мұрын жолына кетіп қалмас үшін бала жастайынан тілінің арт жағын көтеріп мұрын мұрын жолын жабатынды дағдыға айналдырған. Бұндай әдет баланың сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетін өзгертеді. Сөйлеген кезде бала әдеттегідей аузын ашады және тілінің үстін қалытағысынан жоғары көтереді. Тілдің ұшы осыған байланысты жеткілікті мөлшерде қимылданайды. Бұндай әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады, себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілген кезде ауыз қуысы мұрын қуысына ауа өтіп кететіндей жағдайда келеді де мұрын дыбысының реңін күшейтеді. П, б, ф, в дыбысын айтуға талаптанғанда ринолалиясы бар бала өзінің «тәсілін» қолданады.
Дыбыстардың жұтқыншақ қағумен алмастырылуы ринолалияның ауыр түрімен шалдыққан баланың сөйлеу тілін өте өзгеше түрде сипаттайды. Көмекей қақпағы тілдің артқы жағына жинасқан кезде қақпақ жабылғандағы дыбысқа ұқсаған қағу пайда болады. Таңдайдың ақаулығының көлемі мен сөйлеу тілінің бұрмалауының бұлай жақын үйлесуі анықталған. Бұл балалардың мұрын және ауыз қуыстарының пішін үйлесімдерінің өзгешіліктеріндегі дербестіктерімен түсіндіріледі және әр бала өзінің сөйлеу тіліндегі дыбыстарды шығару қуысы мен толықтыру (компенсаторлық) тәсілдерінің байланыстарындағы анықтылығын жақсарту үшін пайдаланады. Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінің анықтылығы жасына және психологиялық дербестігіне байланысты. Сөйлеу тілі органдарының жұмыс істеуінде қауыпті өзгерістердің пайда болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық жұмысты операцияға дейін бастау қажет. Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың белсенділігін дайындайды, тілдің түбін қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық еттерінің қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының барлығы хирургиялық емдеудің және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі болып шығаруына қолайлы жағдай туғызады. Хирургиялық емдеу жұмысы аяқталғаннан кейін 15-20 күндей арнайы жаттығуларды қайталайды, бірақ сабаққа қонылатын ең негізгі мақсат жұмсақ таңдайдың қимылын одан әрі дамыту болады. Ринолалияға шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің қызметін зерттеудің нәтижесінде сөйлеу тілінің жасалу жағдайының анатомо-физиологиялық сапасының нашарлығын, сөйлеу тілінің қозғалтушы бір бөлігінің шектелуі тіл дыбыстарының дамуын кеселдендіріп қана қоймай, сонымен бірге көп жағдайда оның барлық бөлігіндегі жүйелердің аса қатты бұзылатынын көрсетеді. Ринолалия кезінде дауыстың бұзылуы және оларды түзету.
Гераклит реферат қазақша
... противопоставляли «смеющемуся мудрецу» Демокриту. Шығу тегі Белгілі Гераклит туралы реферат қазақша туды, тұрды, өмір бойы қалада Эфес орналас ... ең алдымен формалды-логикалық күрделілігі. Гераклита Ілімі Қайта жаңарту оқу-жаттығу Гераклита Эфесского талап етеді талдау расчленения корпусының ... гі тірі жаны табиғаттың, адамға керек «сообразоваться». Сәйкес Гераклиту, барлық адамдарға, меніңше, қозғ ...
Ринофония мен ринолалия кезінде дауыстың бұзылуы көпжақты болып келеді. Осы аталмыш дауыс ырғағының өзгеруі-ашық назализация мұрынның жаман иісі, барлық сөздердің ұяң естілуі. Назализациясы мұрын мен ауыз шектелуінен пайда болады. Ол тіпті біршама акустикалық фонема сипатын өзгертеді. Дауыс бір сазды, нашар әлсін-әлсін шығады. Сондықтан тұтастай анатомиялық ақау және функционалдық ақау дауысты төмендетіп анық айтылуына кедергісін келтіріп, төмендетеді. Анатомиялық ақау, дыбыс шығару қозғалыс дисфункциясы тамақтағы суық тено үрдесіне шалдықтырады. 70-80% жасөспірімдер мен үлкендер де көрінеді. Бұл ауру дауысты қарлықтырып, әлсіздендіреді. Осы аталған патологиялық дауыс сапасы фонациялық тынығудың тереңдеп бұзылуы мен адамдардың тәртіп ерекшелігі, ринолалия мен ринофиямен ауыратындар. Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде ринолалия мен ринофияны түзету кешенінде дауысты түзету ең басты орын алады. Бұл шараның негізгі міндеттері тембрды бірқалыпқа келтіру, балалардың табиғи дауысын дамыту, дыбыс аппаратының ауруы кезінде тамақтың қозғалыс функциясын қайтадан қалпына келтіру керек және дұрыс дауыс тану дағдыларына тәрбиелеу. Балалардың дауысын жақсартуға септігін тигізетін пластикалық операцияға дейін ол физиологиялық және фонациялық тыныс алуды қалыптастыру, жұтыну мускулатурасындағы алдын-алу, дыбыстап айту қабілетін түзету. Операциядан кейін дыбыспен жұмыс гимнастикалық тыныстан тұрады. Дыбыстың жаттығулар 1 кезеңде дауысты фонемаларды қоюдан басталады.
2 кезеңде вокалдық жаттығулар жалғастырады негізгі міндеттері шешуде өз нәтижесін береді. Вокалдың жаттығулар арнайы үстіңгі ауыз органын созады. Балаға ауызын кең ашуға мүмкіндік береді. 2 кезеңде бұл жаттығулар дауысты дыбыстарды әнмен айту басында а мен э дыбысты 2-3 сабақта кейін о әрпі қосылады бір аптадан кеәін и және соңында ұ әрпі. Күнделікті сабақ кезінде мерзімі қысқарып отырады. Вокалдық жаттығуларға 3-4 сабақтарда дауыстыларды қайталау кіреді. Вокалдық жаттығуларды іріктеу әр үйренушіге арналған дифференциалды болу керек. Сонымен қатар міндетті түрде еш салмақсыз күшсіз болуы керек, яғни өз зиянын тигізбеген абзал. Қ. Г. Ермолаев пен Н. Ф. Лебедева айтқандай балалардың дауысын максималды түрде аяушылық көзқараспен талап етеді. Тек диапазонына сәйкес өлең айту, өлеңді айтқанда шектен тыс ноталарды қолданбауды талап етеді. Қысқа өлеңдерді айту, жай айту талап етеді. Одан кейін логопедиялық тілдік жаттығуларды орындауға үйрету. Жаңылтпаштарды және өлеңдерді таңдау біркелкі жолдары қысқа болу керек. Дұрыс айтылатын фонемаларды кіргізген жөн жеткілікті қатаң, үнді дауыссыз дыбыстардан болу керек. Логопедтің нұсқауымен қайталап отырады.
Егер де бала жаттығуларды дұрыс орындамаған жағдайда, оның себеп-салдарын анықтау керек. Тілдің кинестизияның төмендеуінен болуы мүмкін, фонематикалық дыбыстың бұзылуы тіпті 7 жастан кіші балалардың туа біткен таңдай ауруларынан болады. Осындай жағдайда логопедке түзетуге сәйкес келетін жұмыстарды өткізу керек. Содан кейін фономедикалық жаттығуларға оралу керек. Дауыс күшін ұлғайту және оның диапазоның кеңейтіп вокалдық жаттығуларға жету оңай. Әр сабақты III және IV кезеңдерден дауысты дыбыстардан терцияны айтудан бастайды. Мұндай жағдайларда қарқынды жай немесе қатты немесе керісінше өзгертіпотырады. Содан кейін қысқа жолмен жарылған өлеңдерді айтуға кіріседі. Музыкалық жолдар, дауыс диапазонын кеңейту. Ринофия мен ринолалия кезіңде мына келесі талаптарға төтеп бере алу керек. Ринолалия кезінде дыбыстардың қойылым ерекшеліктері. Ринолалия кезінде потологиялық дыбыс беру (шығару) антрофоникалық және фонологиялық белгілер болады. Бірінші фонемаларды тежелеп айту ал екінші – бір фонемадан екінші фонемаға ауысады. Сондықтан дыбыстап айтуды түзету бойынша ұзақ уақытты алады. Органикалық ақаулар мен патологиялық артикуляциялық фонемалар артикуляциясын түзету көптеген тәжірибе бойынша қиындық одан сайын тууда. Әр дыбысты түзету
Психологияның даму тарихы
... әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады. Психология ғылымының даму тарихы біріне бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың кү ... ынуға мүмкіндік туады. Ол үшін зейінді шоғырландыру керек болады. Фактілерді еске түсіріп, олар қалай болар екен дегендей ... – ды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір сүретіндінгін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материолистік тұрғыдан ...
1) басқа дыбыстардың оларды бөле білу
2) белгілі артикуляциямен сәйкестендіру
3) дұрыс артикуляцияландыру өндіру
4) байланыс сөйлеу тілінде оны қолдана білу сияқты мәселелерді қарастырады.
Жоғарыда айтылғандай дыбыстық диффрегенациясына тәрбиелеу артикуляциялық қалыпты пайда болуына септігін тигізеді. Дыбыстық қойылымға кірісер алдында бала тілдегі фонеманы бөліп атай білуі керек. Дыбыстарды түзетуге кірісер алдында балаларға артикуляциямен фонемаларды туындату бойынша мүмкіндіктерін тексеруді өткізеді. Сонымен қатар еліктеу бойынша тиімді дыбыстарды айқындау. Бұл талаптар балалар организміндегі анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерге тән. Вокалдық жаттығуларды таңдай келе балалардың орта диапазоның сызбасы бойынша жетекшілік ету керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: